МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ
«ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ»
Венгрияда ректорлар форумы өтті
Канадалық профессор ТИГУ-де сабақ береді
joomla

ТИГУ – Қазақстандағы үздік 20 жоғары оқу орындарының қатарында

egemen19orin

ТИГУ – Қазақстандағы үздік 20 жоғары  оқу орындарының қатарында

     Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2018-жылдың 10-қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Білім беру саласына өзінің инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың жеке саласы ретінде қарайтын кез келді» деп атап өтті.
        Адами капиталды және білімге негізделген экономиканы дамытудағы жоғары білімнің рөлін асыра бағалау қиын.
       Қай жоғары оқу орнын алсақ та ондағы білім беру сапасын кешенді түрде институционалдық та, білім беру бағдарламалары бойынша да аккредиттеу береді. Өмірдің ағымына қарай, тұтынушылардың сұраныстарының жоғарылауына орай қазіргі талапкерлер мен басқа да мүдделі тұлғалар қолжетімді нысанда жылдам нәтижені талап етеді. Осыған байланысты рейтінгілер қазіргі таңда Қазақстанда да, бүкіл әлемде де үлкен сұранысқа ие.
      Осылардың барлығын бағамдаған Қазақстанның жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтінгі орталығы белгілі бір критерийлер бойынша 2018 жылдың қорытынды рейтінгісін шығарды. Осы қорытынды бойынша Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті Қазақстандағы үздік көп салалы ЖОО ұлттық рейтінгісі бойынша 19-орынды иеленіп отыр. Университетіміздің білім беру сапасы, ғылым дәрежесі, оқытушылар мен түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігі ерекше сараптаудан өткен болатын. Жан-жақты бағамдаулардан сүрінбей өтіп, Қазақстан бойынша ТИГУ 19-орынды иеленді. Мұндай көрсеткіш университет профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері үшін үлкен табыс.
Жалпы білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігі – Рейтинг он жыл бойы, 2008 жылдан бастап, Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтінгін жариялап келеді.  Университеттің рейтингіде болуы оған үлкен бедел әкеледі. 2018 жылғы рейтингтің нәтижесі республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің 15 маусымдағы №111 (29342) жарияланған. ЖОО туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар арқылы барлық мүдделі тараптар: шетелдік талапкерлер, жұмыс берушілер, қорлар, бірлестіктер мен мемлекеттік органдар хабардар болады.
       Ғылымдағы жетістіктері мен білім берудегі табыстарының нәтижесі оң баға алып, үлкен беделге ие болып отырған ТИГУ ұжымын құттықтай отырып, бұдан да үлкен жетістіктерге жетіп, саласы бойынша көшбасшыға айналуларына шын жүректен тілектеспіз!

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

xabarlandiru

talapker

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d