Игі істердің бастамасы болған – ТИГУ!
Венгрияда ректорлар форумы өтті
joomla

Ұстаздар мерекесі атап өтілді

Ұстаздар мерекесі атап өтілді

      Ұстаздар мерекесі қарсаңында Тараз инновациялық- гуманитарлық университетінің қоғамдық жұмыстарына өз үлестерін қосып келе жатқан белсенді студенттердің ұйымдастыруымен   мерекелік іс-шара болып өтті. Құрметті қонақтар ретінде шәкірттерін білім нәрімен сусыңдатып, тәлім-тәрбие беріп келе жатқан профессор-оқытушылар құрамы болды.
       Мерекелік жиын университет жанынан құрылған ұлт аспаптар оркестірінің орындауындағы Құрманғазының «Балбырауын» күйімен ашылды.

021018 1021018 2

      Университет ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Саурықов Ерболат Байұзақұлы профессор-оқытушылар құрамын төл мерекелерімен құттықтады. Университет ректоры тарапынан бірнеше қызметкерлерге тәрбие саласында және қоғамдық жұмыстардағы белсенді еңбектерін  ескере отырып арнайы құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

021018021018 2
     Сондай-ақ, «Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдық мерей тойына» және «Ұстаздар күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында кіші-футболдан өткен турнирдің жеңімпаздары да марапатталды.

021018 6
      Жиын барысында, студенттердің орындауындағы әдеби композиция өте әсерлі шықты. Университетіміздің «Ақ кербез» бишілер тобының орындауында «Қазақ биі» көпшілікті тәнті етті.
     Қызметкерлер мен студенттердің орындауында Аманжол Шәмкеновтің  сөзіне жазылған Әбілахат Еспаевтің «Ұстазым менің, ұстазым» әнімен салтанатты жиынды қорытындылады.


    Баспасөз хатшысы Қазжанов Ғалым

021018 7021018 8021018 9021018 10

 
 

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d