Игі істердің бастамасы болған – ТИГУ!
Венгрияда ректорлар форумы өтті
joomla

Республикалық пәндік Олимпиададан ЖЕҢІС!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!

ТИГУ-нің жастары, алға!

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Білім» факультеті «Шетел тілдері» кафедрасының 5В011900 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының төртінші курс студенті Жантілесов Қуанышты Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінде өткізілген Республикалық пәндік олимпиададан ІІ жүлделі орынға ие болуымен құттықтаймыз!

Зияткерлік жарысқа еліміздің бірнеше жоғары оқу орындарында білім алатын студенттер қатысты. Білімділер олимпиадасына жеңімпаздарды іріктеу үш кезеңнен өтті. Қ.Жантілесов қытай тілінен терең білімі мен шығармашылық қабілетінің арқасында тапсырмаларды табысты орындап, білім деңгейінің жоғары екендігін көрсетті. Осындай озық ойлы, дарынды студенттің жетістіктеріне 2018 жылы Қ.Жантілесов академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ТИГУ-мен тығыз байланыс жасайтын Қытай Халық Республикасының Іле педагогикалық университетінде өз білімін тереңдетіп, қытай тілін жетік меңгергендігінің де әсері зор. Қ.Жантілесовке жетекшілік етуге үлес қосқан кафедраның «Қытай тілі» пәнінің оқытушылары ф.ғ.к. Серік Мұстафаұлы және А.Керімбайдың еңбегін жоғары бағалауға болады.

Бұл тамаша жетістік Университеттің 10 жылдық мерей тойына орай зор қуаныш болды. Қ.Жантілесов Республикалық пәндік олимпиадада Университетіміздің мерейін үстем ете білгендігі үшін оған зор табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!  

Makala            

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d