Игі істердің бастамасы болған – ТИГУ!
Венгрияда ректорлар форумы өтті
joomla

«Рухани жаңғыру» орталығының құрылымдық ережесі

     Орталық 2018 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс жүргізуде.
     Орталықтың  мақсаты мен міндеттері:
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде құрылған «Рухани жаңғыру» орталығының  мақсаты – Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау, рухани жаңғыру бағыттары бойынша жобалар ұсынып, орындау, облыстық, республикалық офистермен тікелей байланыста болып, олармен шығармашылық бірлікте жұмыс атқару болып табылады.
жоғарғы оқу орындары және ғылыми мекемелерімен ғылыми байланыстар мен қарым-қатынастарды реттеуге қатысу;
- ғылыми-өндірістік бірлестіктермен, өндірістік кәсіпорындармен, ғылыми ұйым-дармен  шаруашылық келісім шарт жасауына байланысты қатысуға;
- университет профессор–оқытушыларының және студенттердің үздік ғылыми–зерттеу жұмыстарының нәтижелерін халықыралық, республикалық және аймақтық  деңгейде өткізілетін гранттарға, конкурстарға және олимпиядаларға қатыстыру жұмыстарын ұйымдастыру;
- университеттегі  ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуге атсалысу;
- жасалынатын ғылыми өнімнің маркетингтік зерттеулерін өткізуге қатысуға;
- ғылыми-техникалық өнімдерді шығару үшін жаңа технологиялық құралдарды  эксперимент-өндірістік базаларды жетілдіруіне атсалысуға;  
- симпозиумдарға, семинарларға, ғылыми конференцияларға қатысуға;
- қызметтің барлық түрлері  бойынша жарты жылдық және жылдық есеп беру дайындығына қатысуға;
- университет Ережесін;
- осы қызметтік нұсқаудын талаптарын, ішкі еңбек тәртіп, еңбекті қорғау, өрттен сақтану және өндірістік санитария ережелерін сақтауға;
- кенсе техникалық құрал-жабдықтарды қолдана білуге.

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»  ОРТАЛЫҒЫ
МАМАНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЫ

1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 «Рухани жаңғыру» орталығының маманы университеттің Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы жұмыстарды жоспарлап, ұйымдастыруымен айналысады.
1.2 «Рухани жаңғыру» орталығының маманы университеттің мамандар санатына кіреді.
1.3 «Рухани жаңғыру» орталығының маманы өз жұмыстарын басшылыққа алады:
- ТИГУ  «Рухани жаңғыру» орталығының барлық құжаттамаларын;
- «Рухани жаңғыру» орталығының ережесін;
- осы қызметтік нұсқауды.
1.4 «Рухани жаңғыру» орталығының маманын өз қызметіне тағайындау және босату ректор немесе тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректоры бұйрығымен жүзеге асады.
1.5 «Рухани жаңғыру» орталығының маманы «Рухани жаңғыру» орталығының қажетті ақпараттардың дұрыстығын бақылап, жинау жұмыстарын атқарады.
1.6 «Рухани жаңғыру» орталығының маманы тікелей «Рухани жаңғыру» тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректорға бағынады.
1.7«Рухани жаңғыру» орталығының маманы уақытша жұмыста болмаған кезде (демалыс, ауру-сырқау, т.б.) оның міндеттерін ректордың бұйрығымен тағайындалған тұлға атқарады. Уақытша тағайындалған тұлға қажетті құқықтарға ие болып, жүктелген міндеттердің сапалы және уақытылы орындалуына жауап береді.

2 БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ

2.1 «Рухани жаңғыру» орталығының маман қызметіне жоғары білімі және ғылыми-педагогикалық еңбек тәжірибесі  3-жылдан жоғары болған тұлға тағайындалады.
2.2 «Рухани жаңғыру» орталығының маманы білуі тиіс:
- «Рухани жаңғыру» орталығының мақсат-міндеттерін  білуге;
- Қазақстан Республикасының Конституциясын;
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын;
- мемлекеттік білім стандарттарының талаптарын;
- есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын;
- ТИГУ-дың бақылау тәсілдерінің ұйымдық және басшылық құрамын қызметкерлері және құрылымдарын;
- ұйымдастыру-нұсқаулық құжаттардың бірыңғай жүйесінің стандарттарын;
- этика және эстетика негізін;
- іскерлік қатынастың ережесін;
- еңбек туралы Заңдарын;
- ТИГУ ішкі тәртібін;
- еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
2.3 «Рухани жаңғыру» орталығының маман қызметі белгіленген тәртіп бойынша атқаратын қызметіне сәйкес аттестаттаудан өтеді.

3 МІНДЕТТЕРІ

«Рухани жаңғыру» орталығының маманы міндетті:
- «Рухани жаңғыру» жобалық офисімен байланыстар мен қарым-қатынастарды реттеуге қатысу;
- университет профессор–оқытушыларының және студенттердің үздік жобаларының жұмыстарын жүзеге асыруды ұйымдастыру;
- университеттегі  жобалар мен іс-шараларды өткізуге атсалысу;
- семинарларға, ғылыми конференцияларға қатысуға;
-қызметтің барлық түрлері  бойынша жарты жылдық және жылдық есеп беру дайындығына қатысуға;
- тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректорының жекелеген тапсырмаларын орындауға;
- университет Ережесін;
- осы қызметтік нұсқаудын талаптарын, ішкі еңбек тәртіп, еңбекті қорғау, өрттен сақтану және өндірістік санитария ережелерін сақтауға;
- кеңсе техникалық құрал-жабдықтарды қолдана білуге.

4 ҚҰҚЫҚТАРЫ

«Рухани жаңғыру» орталығының маманы құқылы:
- міндеттердің түрлерін нақты анықтайтын қызметтік нұсқауымен танысу;
- белгіленген тәртіп бойынша біліктілігін көтеру;
- ішкі тәртіп ережесімен белгіленген қызметтегі жетістіктері үшін моральдық және материалдық марапаттауға;
- кітапхана, есептеу орталығы, университет бөлімдерінің оқу және ғылыми қорымен, әлеуметтік-тұрмыстық, емдеу және университеттің басқа да құрылымдық бөлімдердің қызметін тегін пайдалануға.

5 ЖАУАПКЕРШІЛІК

«Рухани жаңғыру» орталығының маманы жауапты:
- Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» заңымен анықталған және осы қызметтік нұсқауда көрсетілген өзінің қызметтік міндеттерін тиянақты орындамағаны және орындалмағаны үшін;
- Қазақстан Республикасының азаматтық, қылмыстық, әкімшілік заңдарымен анықталған қызметін бабында жасалған құқық бұзушылықтар үшін;
- Қазақстан Республикасының азаматтық және еңбек заңдарымен анықталған материалдық шығын келтіргені үшін;
- университеттің  конфиденциалды ақпараттарын жариялағаны үшін жауапқа тартылады.

«Рухани жаңғыру» орталығының құрылым ережелері

1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1  «Рухани жаңғыру» орталығының маманы университеттің Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы жұмыстарды жоспарлап, ұйымдастыруымен айналысады.
1.2 «Рухани жаңғыру» орталығы жұмыстары барысында тәрбие және стратегиялық даму  жөніндегі проректорға бағынады.
1.3 «Рухани жаңғыру» орталығы өз жұмыстары барысында басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасының  Білім туралы заңын,  Еңбек кодексін;
- Орталық жобалық офистің тапсырмаларын;
- мемлекеттік білім стандарттарын;
- ректордың бұйрықтары мен өкімдерін;
- осы ережені.
1.4 «Рухани жаңғыру» орталығы жұмыстарын тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректор  басқарады.
1.5 «Рухани жаңғыру» орталығы қызметкерлері еңбек заңына сәйкес университет ректоры бұйрығымен жұмысқа қабылданады және босатылады.
1.6 «Рухани жаңғыру» орталығы қызметіне толығымен   тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректор жауап береді.

2 ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

2.1«Рухани жаңғыру»  орталығындағы штат құрылымы мен санын бөлім атқаратын іс-әрекеттердің көлемі мен  ерекшелігін ескере отырып, ректор бекітеді.
2.2«Рухани жаңғыру» орталығының  құрамында жұмыс істейді:
- маман.

3 ФУНКЦИЯЛАРЫ

3.1.«Рухани жаңғыру» орталығы функционалды міндеттері:
- университет тарапынан ұсынылған жобалардың орындалуын қадағалау, қажетті орындарға ақпарат беру;
- Елбасы бағдарламасында көрсетілген таяу жылдарға арналған міндеттер аясында іс-шараларды жүзеге асыру;
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша
- Латын әліпбиіне көшу бойынша ғалымдармен сұхбаттар жүргізіп, ұлттық комиссия құрамына мүшелер ұсыну;
- Университет ПОҚ жаңа әліпбиді үйретуге жұмылдыру;
- «Жаңа гуманитарлық білім» бойынша оқулықтар дайындау, ұсыну.
3.2.«Рухани жаңғыру» орталығының жұмысы университет ректорымен бекітілген жылдық жұмыс жоспарына сәйкес қабылданған шешімдерге байланысты  жүзеге асырылады.

4 ҚҰҚЫҚТАРЫ

«Рухани жаңғыру» орталығы құқылы:
- құрылымдық бөлім басшылары мен басқа да мамандардан өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға қажетті ақпараттар мен құжаттарды алуға;
- университет әкімшілігінен өз жұмыстарының ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін және сонымен қатар өз міндеттері мен құқықтарының орындалуына жағдай жасалуын  талап етуге;
- өз үкіметтілігі ретінде құжаттарға қол қоюға және келісім беруге;
- университеттің кітапхана, есептеу орталықтары, оқу және ғылым ақпараттық қорлары, сонымен қатар әлеуметтік-тұрмыстық, емдеу және т.б. құрылымдық бөлімдердің қызметін тегін пайдалануға.

5 МІНДЕТТЕРІ

«Рухани жаңғыру» орталығы міндеттері:
- семинарларды, ғылыми конференцияларды, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру;
- жобалар базасын кеңейту;
- еңбек ұйымының әлеуметтік, мәдениеттік, тұрмыс-тіршілік жағдайларын жақсарту.

6 ЖАУАПКЕРШІЛІК

«Рухани жаңғыру» орталығы жауапты:
- орталыққа тиісті жұмыстарды мерзімді орындауға;
- ұсынылған жобалардың сапасы мен тиімділігіне.

7 БАСҚА ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМДЕРМЕН ӘРЕКЕТТЕСУ

«Рухани жаңғыру» орталығы тікелей Тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректорға бағынады.
7.1 «Рухани жаңғыру» орталығы Тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректорға, сондай-ақ ректорға, университеттің Ғылыми Кеңесіне өз есебін беріп отырады.
7.2 Заңгермен бірге заңдық және құқықтық актілердің бұзылуына байланысты мәселелерді шешеді.
7.3 «Рухани жаңғыру» орталығы қызметіне байланысты кадрларды таңдау мәселелерін ректор, Тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректор, кадр бөлімі шешеді.
7.4 «Рухани жаңғыру» орталығы компьютерлендіру және бағдарламалық қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты қашықтан білім беру және компьютерлік технологиялар басқармасымен тығыз қарым-қатынаста болады.
7.5 «Рухани жаңғыру» орталығы ғылыми жұмыс жоспарларын ұйымдастыру  мәселесі бойынша университет құрылымдарымен тығыз қарым-қатынаста болады.

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d