Игі істердің бастамасы болған – ТИГУ!
Венгрияда ректорлар форумы өтті
joomla

Шерхан оқулары

Қалай өлмей қалғанымды құдіретті күшті бір Алла өзі біледі» деп жазған «заңғар Алатауымыз бен қасиетті Қаратауымызға» баланған Шерхан Мұртаза шығармашылығы бүгінгі өскелең ұрпақтың да зор қызығушылығына айналды. 

60-тан астам 9-11 сынып оқушылары жиналған Талас аудандық «Шерхан Мұртаза оқулары» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының бастамасымен қолға алынған игі іс-шара Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің бастығы Санат Сағымбекұлы мен аталмыш гимназия директоры Дүйсенбек Кеңесбайұлы тарапынан үлкен қолдауға ие болған байқау жазушы шығармашылығын сүйіп оқитын оқушылардың талантына серпін беріп, мақсаттарын еселегендігі даусыз. Жаһандану жағдайындағы тәуелсіз еліміздің қоғамдық ахуалы да өз кезегінде күрделі мәселелерді алға тартуда. Осыған байланысты, «жас сәбидің бойына ұлттық қасиет ана сүтімен, тілімен кіреді. Ал, оның күндіз-түні көргені батыстың баяғыда жеріген тастандысы» деп жанашыр болған Ш.Мұртаза шығармашылығы мен қайраткерлік, журналистік болмысы – ертеңгі еліміздің болашағына саналатын – бүгінгі оқушыларды рухани азықтандырып, ұлттық рухта тәрбиеленуіне, тұлғалық қалыптасуына мол мүмкіндік беретіні сөзсіз. Бұған қоса, Елбасымыздың болашағымызға бағдар беретін, ұлтты ұйыстырып, ұлттық идеяға жетелейтін «Мәңгілік ел»  идеясы да  ұрпағымыздың мәңгілік болашағын баянды етуге бағытталса, мәңгілік елді қалыптастырудың алғышарттары – туған тарихымыз, ұлттық мәдениетіміз бен ана тіліміз екеніне дау жоқ. «Жолы қатты, дәмі тәтті» тәуелсіздігіміздің басты белгісіне саналатын үш тұғырымыз биік болған жағдайда ғана әлем кеңістігінде өзіндік орнымыз бар, келешек үлесіне баянды болашақ сыйлайтын ел болатынымыз хақ. Бұл орайда, «қос тіл тек жыланда ғана болады» деп ана тіліміздің мемлекеттік мәртебесін асқақтатуға ерекше үлес қосқан, туған мәдениетіміздің, ұлттық руханиятымыздың ерен тұлғасы – Ш.Мұртазадай сынды қоғам қайраткерінің әрбір сөзі мен ісі – бүгінгі ұрпақ үшін үлгі-өнеге мектебі.
Елбасының сарабдал саясаты арқасында ерекше мазмұн берілген қазақ мәдениетінің жоғары рухани-көркемдік қуаты зерделеніп,   басқа халықтарға үлгі боларлықтай деңгейі даралануда.  
Қорыта айтқанда, тағдыр сыйына баланған  тәуелсіздік таңы атқанына да 23 жылдың жүзі болыпты. Бабалар қанымен, аналарымыздың көз жасымен келген тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін ең алдымен ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, дамытуымыз шарт. Сонда ғана Елбасының бабалар арманын жүзеге асырсам деген ой-ниетінен туындап, жалғасатын  «Мәңгілік ел» идеясы да өз кезегінде мемлекет дамуының негізі, ұрпақ болашағының баянды болатынын қамтамасыз ететіні анық. Туған тарих, ана тіл, ұлттық мәдениет  - барша халықты біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалайтын ұлттық құндылықтарымыз ретінде даму тоғысында және дамуымызды арттырып, елімізді жеңіске жетелеп, әрбір азаматымыздың ұлттық мақтанышына айналатын жетістіктерімізді еселейтіндігі Елбасының биылғы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында айқын мазмұндалды.
Ел мүддесін көксеген Елбасы үмітіне үн қосатын «Ш.Мұртаза оқулары» байқауы  жас жеткіншектерімізді ұлттық руханиятты таразылап, өзіндік үлес қосуға жетелеп, шығармашылығына серпін беретін, рухани азықтандырып, ізгі арман-мақсаттарында бағыт-бағдар береді  деп санаймын. Аталмыш байқау облыстық, республикалық деңгейде ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Өз сөзімді Ш.Мұртазаға арнаған аудандық байқаудың «Менің Шерағам» бағыты бойынша жеңімпазы Садықбек Құралайдың мынадай жыр жолдарымен түйіндегім келеді:
Сізбен жас қаламгер боп сырластым,
Сөз өнері жібітеді мұз тасты.
Ал менің жас кеудемдегі сансыз ой,
Толастамай өлең болып жалғасты.
Осылай шабыттанған, Шераға шығармашылығынан қуаттанған ұрпағымыз көп болса, еліміздің де ертеңі жарқын, алар асуы биік болатынына кәміл сенемін.

 

Рахат ЕЛУБАЕВА,
Тараз инновациялық-гуманитарлық
университеті «Филология» кафедрасының меңгерушісі

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d