Игі істердің бастамасы болған – ТИГУ!
Венгрияда ректорлар форумы өтті
joomla

Жаңашылдық пен жетістік

Бүгінде институтта алпысқа жуық студент теория мен тәжірибені ұштастырып отыр. Мұнда 2 ғимарат, 8 аудитория, 2 жылыжай бар. Университетте студенттердің теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде жүзеге асыру мүмкіндігі мол. Оған қажетті құралдар және көрнекіліктермен жабдықталған зертханалар дайын. Интерактивті тақта қойылған аудиторияда сабақты пысықтауға бар жағдай жасалған. Студенттердің өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесіне ғылыми-зертханалық зерттеулер жүргізуіне де мол мүмкіндік туған. Мұнда облыстың ауа-райы, жеріне бейім дақыл түрлерін анықтауға болады.

Ашылғанына сегіз ай болған институт қазір алғашқы өнімдерін алып үлгерді. Атап айтар болсақ, қияр мен қызанақты алғашқы сараптамадан өткізіп, оның қандай жағдайда тиімді өсетіндігін зерделеген мамандар алғашқы өнімдерін өндіріп, тиісті жерлерге жеткізген. Олар жарты өнімді базардағы көтерме бағамен сатса, жартысы ТИГУ-дың ұстаздарына үлестірген.

Бүгінгі таңда институт отандық «ҚазАгроИнновация» АҚ, «Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС мен «Қазақ картоп және кңөкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-мен меморандумға қол қойып, бірлесе жұмыс атқаруда. Сонымен қатар, жылыжайда Оңтүстік Корея мемлекетінен алынған құрал-жабдықтармен жұмыс жасап жатқан мамандардың айтуынша, жаңа құралдарды облыстың ауа-райына сәйкес өзгертіп шығарыпты.

-Жылыжайды қысты күні жылытап ұстап тұру үшін жаңа технологиямен жасалған өзге мемлекеттен құрылғылар алынған болатын. Жегенмен, ол құрылғыларды өз бетімізше өзгертуге тура келді. Жылыжайдағы жердің үсті жылығанымен асты мұздай болуына байланысты біз жылы еден орнатып,топырақ температурасын бірқалыпты сақтап отырмыз. Бүгінде көгілдір отымен жылынатын жылыжайда температура қалыпты, - дейді жабдықтаушы маман Мадияр Ысқақов.

Ал, институт директоры Нұржан Мүсілимовтың айтуынша, қазіргі таңда, жылыжайда қияр мен қызанақты отырғызу жұмыстары басталыпты. Қаңтардың соңғы жексенбісінде аталмыш институтқа Украинадан арнайы агроном келіп, егу жұмыстарын бастап кеткен. Агроном Тұрғынбай Худайқұловты шақыртудағы басты мақсат студенттердің өзге мемлекет мамандарының тәжірибесімен алмасу көзделген.

-Институттың ашылғанына көп болмаса да студент жастардың мамандыққа деген қызығушылығын, талпынысын, тәжірибеден өту барысында көріп жүрміз. Алғашқы өнімді алғаннан кейін білікті мамандарды шақыртып, тәжірибемізді одан әрі шыңдай түстік.

Агробиологиялық институттың алдында алма, алмұрт ағаштары мен көкөністер отырғызылған. Сондай-ақ, алдағы уақытта үшінші жылыжайды салу жоспарда бар. Онда цитрусты өсімдіктерді отырғызсақ деп жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, аула сыртына картоп, қарбыз сынды көкөністерді де егу басшылық тарапынан қаралып жатыр. Кез келген бастамамыз облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайына аз да болса үлесін тигізеді деп ойлаймын, - дейді институт директоры Нұржан Мүсілимов.

Облыс басшысы қолдап отырған агробиологиялық ғылыми-зерттеу институты кәсіпкерлерге тегін кеңес беруді де жоспарлап отыр екен. Өзге мемлекеттің агрономымен тәжірибе алмасып жатқан институттың облыстағы жас агрономдарға үйретері көп.

Арайлым ШӘБДЕНОВА,
облыстық «Арай» газеті
19 ақпан, №8 (488)

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d