joomla

Облыстық жас ақындар айтысы өтті

 

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы мен Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен сөз сайысына айтыскер ақын Алтынкүл Қасымбекова, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының бөлім басшысы Сәкен Қондыбаев, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің тәрбие және әлеуметтік дұмыстар жөніндегі проректоры Гүлшат Құлабекова, республикалық «Жас Алаш» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Нұрболат Әлдибеков және «Панорама» ақпараттық орталығының директоры Бауыржан Мурбеков қазылық етті. Ал сөз додасын танымал сарысулық айтыскер ақын Алик Бекмұсаев жүргізді.

Нәтижесінде, 14 ақын бақ сынаған айтыста Жуалының тумасы, есімі көпшілікке танылып үлгерген Қанат Мырзахан бас жүлдеге (70 мың) лайық деп танылды. Финалда Қанатпен сөз жарыстырған ТИГУ магистранты Нұрлыбек Құрманов 1 орынға (50 мың) ие болды. Ұтымды тіркестермен көрерменді баураған байзақтық жас ақын Рай Дөңбай екінші орынды (40 мың) еншілесе, Жұмабек Нұрлан (Шу) мен Кенжеәлиев Шыңғыс (Байзақ) жүлделі үшінші орынды (25 мыңнан) бөлісті. Жүлдеге іліне алмаған өзге қатысушы жас ақындар да дипломдар мен және қаржылай сыйақымен марапатталды. Мұндай айтыс болашақта да ұйымдастырылып, дәстүрлі түрде өтіп тұрмақ.
Сонымен қатар, айтыс барысында «Тарихқа тағзым» атты 10-11 сынып оқушылары қатысқан облыстық жабық жыр мүшәйрасының қорытындысы шығарылып, жүлдегерлер анықталды. Үміткерлер арасынан Тараз қаласы №26 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ақмарал Айназарованың өлеңі үздік деп бағаланып, Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы тағайындаған жүлдеге ие болды.

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d