Игі істердің бастамасы болған – ТИГУ!
Венгрияда ректорлар форумы өтті
joomla

Біздің мақтаныштарымыз

Солардың бір парасы – Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Ақпараттық-шығармашылық мамандықтар» факультеті дене шынықтыру кафедрасының білімгерлері. Берісі республикалық, арысы Азиялық, әлемдік додаларда олжалы болып жүрген жайы бар. Мәселен, дене шынықтыру мамандығының 4 курс білімгері Евгений Трубин университетке түскелі бері ауыз толтырып айтарлықтар жүлделерге ие болды. Армлестлингтен Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы атанған Евгений жастар арасындағы Азия біріншілігінің бірнеше мәрте жүлдегері болып үлгерді. Жуырда Түркияда өткен Азия чемпионаты-2015 бәсекесінде қарсыластарын қоғадай жапырған Е.Трубин тек ақтық айқаста тәжірибелі қарсыласына жол беріп қойды. Сонымен қатар, Жуырда Ташкент қаласынджа өткен самбодан Азия чемпионатында жүлдегер атанған университеттің екі бірдей студенті әлем кубогынан да олжасыз оралған жоқ. 76 келі салмақта Ақтолқын Смағанбетова қола медаль еншілесе, 81 келіде сынға түскен Нұрсұлтан Төренге күміс жүлде бұйырды.
Жуырда 1 курс студенті Руслан Өтеген кикбоксингтен өткен ел біріншілігінде жүлде еншіледі. Университетке түскелі бері қатысқан тұңғыш ірі жарысында барлық қарсыластарынан басым түскен Руслан алтыннан алқа тағынды. Тараз қаласында өткен жарыста Шығыс Қазақстан облысының өкілімен финалда кездесіп, тартысты өткен кездесуде айласын асырған Руслан облыс намысын қорғап, университет мерейін үстем етті. Нұрғали Наурызбаевтың қол астында жаттығатын Руслан осыған дейін 6 рет облыс чемпионы атанған. Жасөспірімдер ұлттық құрамасы қатарына ілінген ол келешекте биіктен көрінері бек мүмкін. Себебі, жастайынан шеберлігін шыңдап жүрген Русланның спортқа деген сүйіспеншілігі ерекше.
Бұлар біздің мақтаныштарымыздың бір тобы ғана. Каратэ-додан Азия жеңімпазы Гүзалия Гафурова сынды таланттар шоғыры көптеп кездесетін университетте үздіктер қатары үзілмесі анық.

Сәбит БАУБЕКОВ,
«Ақпараттық-шығармашылық мамандықтар» факультетінің деканы,
техника ғылымдарының докторы, профессор

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d