Сыйға тартылған қазына
СПАРТАКИАДА КҮНДЕЛІГІ
Канадалық профессор ТИГУ-де сабақ береді
Рухани жаңғырудың әрбір белгісі халқымыздың бойында жатыр
joomla

Баян Үрістенбекқызы – 70 жаста

Баян Үрістенбекқызы – 70 жаста

        Университетте профессор-оқытушылар құрамындағы ардагер ұстаздардың зейнетке шығуын, даталы мерейтойларын арнайы атап өтіп, ұжым болып құттықтау дәстүрі қалыптасқан. Жуырда «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті қызметін атқарып жүрген Баян Үрістенбекова 70 жасқа толу мерейтойы аталып өтті.

1971 жылы еңбек жолын экономист болып бастаған Баян Үрістенбекқызы әр жылдары Жамбыл технологиялық институтының ғылыми-зерттеу бөлімінің аға экономисі, бөлім меңгерушісі, «Жалпы экономикалық пәндер» кафедрасының доценті міндетін атқарушы қызметтерін атқарды. 1988 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтының аспирантурасын аяқтап, кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. 2002 жылы экономика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағына ие болды.1998-2002 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Әлемдік экономика» кафедрасының доценті, 2003 жылы «Экономика» кафедрасының меңгерушісі, 2004-2007 жылдары А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтының «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі, 2006-2010 жылдары «Экономика» кафедрасының меңгерушісі, 2012 жылдан бастап Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Экономика және басқару» кафедрасының доценті, 2015 жылдан бері «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті қызметін атқарып келеді.

«Шағын және орта бизнес аймақтық-әлеуметтік экономикалық дамуының жетекші күші» атты монография, «Әлеуметтік-экономикалық статистика», «Кәсіпорындардың қаржылық қызметін бағалау» атты оқу құралдарының авторы. 2008 жылы Жамбыл облыстық мәслихатының Грамотасымен, осы жылы білім беру саласында ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталған.

         Еңбекке адалдық, үнемі ғылыми ізденіс, шәкірт тәрбиесіне деген ұқыптылық Баян Үрістенбекқызын биікке көтерді. Салтанатты шарада ТИГУ ректоры Ерболат Саурықов арнайы құттықтап, деніне саулық, ұзақ ғұмыр, табысты еңбек тіледі. Сонымен қатар, оның әріптестері мен шәкірттері сөз сөйлеп, Баян Үрістенбекқызының еңбек жолындағы естеліктермен бөлісті.

ТИГУ баспасөз орталығы

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту