МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ
«ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ»
Венгрияда ректорлар форумы өтті
Канадалық профессор ТИГУ-де сабақ береді
joomla

БЕЙНЕТ ТҮБІ – ЗЕЙНЕТ

БЕЙНЕТ ТҮБІ – ЗЕЙНЕТ

Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Осындай білім көшін жылжытып келе жатқан бірегей ұстаздардың қатарында – Балжан Прметқызы мен Гүлбағила Әбдіхалыққызы да бардесек артық айтқандық емес.

Университетте «Филология» кафедрасының аға оқытушылары Балжан Прметқызы мен Гүлбағила Әбдіхалыққызын зейнет жасына толуына орай құттықтау кеші ұйымдастырылды. Салтанатты жиында ТИГУ ректоры Ерболат Саурықов осы жасқа дейін атқарған ерен еңбегі үшін алғыс айтып, зор денсаулық тіледі. Әріптестері жылы лебізін білдіріп, шәкірттері өлең арнады.

Балжан Тлепова 1976 жылы Крупская атындағы орта мектепті аяқтап, 1981 жылы Тамбов мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін тәмамдады. Еңбек жолын жоғары оқу орнында дәріс оқудан бастаған ол әр жылдары Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтында «Орыс тілі» кафедрасында, Тараз қаласындағы белді үш жоғары оқу орындарының қосылуына байланысты қызметін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіндегі «Практикалық орыс тілі» кафедрасында, А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Қазақ әдебиеті» кафедрасында аға оқытушы, ғылыми жұмыстарға жауапты, факультет деканының ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары жауапты жұмыстарын атқарды. 2008 жылдан осы күнге дейін Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Филология» кафедрасында білімгерлерге дәріс оқып келеді. Жоғары оқу орындарында 36 жыл ішінде құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталды. Балжан Прметқызы екі ұл тәрбиелеп, немере сүйіп отырған абзал әже.

ТИГУ баспасөз орталығы

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

xabarlandiru

talapker

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d