МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ
«ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ»
Венгрияда ректорлар форумы өтті
Канадалық профессор ТИГУ-де сабақ береді
joomla

СПАРТАКИАДА КҮНДЕЛІГІ

СПАРТАКИАДА КҮНДЕЛІГІ

1-күн
Бүгін университетте ТИГУ қызметкерлері мен оқытушылар арасында оқу орнының 10 жылдығына орай спартакиада басталды. Спорттың алты түрі бойынша өтетін жарыстың алғашқы күнінде қатысушылар кіші футбол мен шаxматтан (ерлер, әйелдер) сынға түсті. Бірінші күннің қорытындысы бойынша, 2 алтын, 1 күміс жүлдесі бар «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті топ бастап келеді. Екінші сатыда 1 алтын, 1 қола, 1 күміс жүлде еншілеген ректорат құрамынан жасақталған «ТИГУ KZ» командасы келеді. «Білім» факультеті үздік үштікті қорытындылап тұр. Еске сала кетейік, ертең спорттың волейбол (ерлер, әйелдер) және тоғызқұмалақ (ерлер, әйелдер) түрлерінен жарыстар өтеді. Спартакиадаға бас-аяғы 5 команда, 100-ге жуық қызметкер қатысуда.

2-күн
ТИГУ-дің 10 жылдығына орай университет қызметкерлері мен оқытушылары арасында ұйымдастырылып жатқан спартакиаданың екінші күнінде спорттың волейбол және тоғызқұмалақ түрлерінен жарыстар өтті. Волейболдан ұлдар арасында «ТИГУ KZ» командасы бірінші орын, «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті екінші, «Білім» факультеті үшінші орынды еншіледі. Ал қыздар арасында «Білім» факультетінің командасына қарсы келер тегеурінді ұжым табылмады. Екінші орын «ТИГУ KZ», үшінші орын «Экономика және құқық» факультетінің командасына бұйырды. Тоғызқұмалақ спортынан ұлдар арасында «ТИГУ KZ» өкілі топ жарды. «Білім» факультеті екінші сатыны місе тұтса, «Жаратылыстану ғылымдары» мен «Экономика және құқық» факультеттері үшінші орынды өзара бөлісті. Қыздар арасында «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті бірінші, «Экономика және құқық» факультеті екінші сатыдан көрінсе, «ТИГУ KZ» үздік үштікті қорытындылады. Екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша, 3 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлде жеңген «ТИГУ KZ» командасы жалпы есепте бірінші орынға көтерілді. Ал 3 алтын, 2 күміс жүлде олжалаған «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің құрамы екінші сатыға орналасты. Үшінші орында 1 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлде алған «Білім» факультеті келеді. Еске сала кетейік, ертең спартакиаданың соңғы күнінде үстел теннисі мен арқан тартудан жарыстар өтеді. Бұл бәсекелер шешуші сын болмақ.

3-күн
Жарыстың қорытынды күнінде бірінші үстел теннисі бойыша жарыстар өтіп, нәтижесінде ұлдар арасында «Білім» факультетінің оқытушысы Ерік Үрістемов жеңімпаз атанды. Екінші орында әкімшілік командасынан Бауыржан Райымбеков, үшінші орынды «ТИГУ KZ» командасының ойыншысы Жүсіпбек Сүлейменов еншіледі. Әйелдер арасында «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің өкілін жеңетін қатысушы болмады. Екінші және үшінші орындарды «Экономика және құқық» факультеті мен «Білім» факультеті өзара бөлісті. Ал арқан тартудан өткен сайыстар өте тартысты өтті. Нәтижесінде «Жаратылыстану ғылымдары» командасы жеңіске жетсе, әкімшілік командасы екінші сатыға орналасты. «Білім» факультеті үштікті қорытындылады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Осылайша көпшілікті бұқаралық спортқа тарту, әріптестер арасында достық қарым қатынас орнату мақсатын көздеген үш күнге жалғасқан спартакиада жоғары деңгейде өтті. Университеттің құрылғанына 10 жыл толуына арналған жарыстардың қорытынды нәтижесінде бас-аяғы бес команда, 100-ге тарта адам қатысты. Марапаттау салтанатында ТИГУ ректоры Ерболат Саурықов қатысушыларды құттықтап, табыс тіледі.
    Сонымен, жалпы командалық есепте «Әкімшілік-2» мен «Экономика және құқық» факультетінің командалары жүлделі орындардан тыс қалғанымен, лайықты қарсылық көрсете білді. Ал ұпайы өзгелерде көп болған «Жаратылыстану факультеті» жеңімпаз атанды. Екінші сатыны «ТИГУ KZ» командасы еншіледі. Үздік үшінші орынға «Білім» факультеті тұрақтады. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, арнайы ауыспалы кубок «Жаратылыстану ғылымдары» факультетіне берілді.

ТИГУ баспасөз орталығы


Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

xabarlandiru

talapker

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d