Біз ТИГУ жастары "ТАЗА СЕССИЯНЫ " қолдаймыз!
МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ
«ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ»
Венгрияда ректорлар форумы өтті
Канадалық профессор ТИГУ-де сабақ береді
joomla

ШИРЕК ҒАСЫР ЖЫЛНАМАСЫ

ШИРЕК ҒАСЫР ЖЫЛНАМАСЫ2

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың жыл басында жарық көрген «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы тұтас егемендік жылдарының жылнамасы деуге толық негіз бар. Расында Тәуелсіздік энциклопедиясы сынды. Қазақ елінің жоспарлы дамуы, жүйелі жаңғыруы баяндалған Елбасының бұл туындысы уақыт өткен сайын маңыздылығы арта түсер құнды тағылым екені анық.
      Аталған кітапта әр бөлімнің өзі бірнеше бөлімге бөлінген. Олардың да атауларына аса мән беріліп, жаңа тарихымыз бен қазақстандық құндылықтардың дәуірлік оқиғалары нақты әрі дәл суреттелген. Атап айтқанда, «Тарихи әділеттілік салтанаты», «Тұғыры берік мемлекеттік құрылым», «Басты құндылығымыз – бейбітшілікті қастерлей білдік», «Жаңалықтың жылы лебі және қайта түлеген дәстүр», «Сыртқы саясат: тыңға түрен салғандай…», «Қияға көз тіккен Қазақстан барысы», «Баянды болсын Бас қала!», «Саяси тұрақтылықтың жемісі», «Тәуелсіздік рухымызды шыңдады», «Біз әлемдік дағдарыс сынағына төтеп бердік», «Бұрын-соңды болмаған зияткерлік өрлеу», «Әлем мойындаған көшбас-шылық», «Көз алдымыздағы ұлы өзгерістер», «Жаңа экономикаға батыл ұмтылыс», «Адам капиталының жаңа сапасы», «Қазақстанның айқын және мызғымас басымдықтары» және тағы басқа бөлімдерде еліміздің жарқын сәттері бүге-шігесіне дейін баяндалады.
      Ұлы Дала елі егемендік алғалы осынау ширек ғасырда жүз жылдың жүгін арқалағандай бүкіл жаһан қызыға да қызғана қарайтын әсем мемлекетке айналды. Атқарылған жүйелі жұмыс пен сындарлы саясаттың көшін Елбасы бастап, әрдайым келешек көкжиегін көре біліп, даналығымен даралануда. Бүгінде мемлекетіміз бірлігі жарасқан, болашағы айқын, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан білгенінен жаңылмай келе жатқан, әлем алдындағы беделі биік, абыройлы ел.
      Бүгінде ел ағалары, қоғам мүшелері Елбасының бұл кітабын еліміздің барлық мектептерінде, оқу орындарында оқыту керектігі жөнінде пікір білдіріп отыр. Әлбетте, өскелең ұрпақ, ертеңгі күні ел тізгінін ұстайтын бүгінгі жастар буыны ширек ғасыр жылнамасын жадында жаттауы керек-ақ. Бұл ретте осы бастаманы Қазақстандағы барлық деңгейдегі оқу орындары қолға алып, күнделікті оқу процессіне енгізуі тиіс деп есептеймін.
Ұлы дала елінің талайғы тарихында қандай өзгеріс болды, қай жылы нендей қаулы-қарар қабылданғаны жайлы өркениетті елдер қатарынан ойып орын алатын елдің әрбір азаматы білуі тиіс. Демек, қай қайсымыз болсақ та, болашаққа бағдар жасамас бұрын, өткенін екшеп, кешегімізден толыққанды хабардар болуымыз міндетті.
      Иә, тәуелсіздіктің арқасында ғылым саласы да айтарлықтай реформаланып, Мемлекет басшысы ұсынған білімді басқарудың жаңа үлгісі енгізілгені белгілі. Бұл өз кезегінде зерттеушілердің ынтасын оятып, ғылыми өнімдердің сапасын арттырды. Ғылымды коммерцияландырудың қайтарымы мен нәтижесіне, бет бұрылды. Нәтижесінде, бүгінгі таңда бізде ең озық әлемдік тәсілдерге сәйкес білім берудің ғылыми жүйесі қалыптасты. Жаңа кітапта осынау жетістіктер жайында жан-жақты жазылған.
      Ғалымдар, зиялы қауым, ақпарат құралдары және жастар ұйымдарының өкілдері, жалпы бүкіл қоғам жаңа кітапқа зор ынтамен, ерекше қызығушылықпен танысып жатыр. Сондықтан да «Тәуелсіздік дәуірі» отандық және шетелдік қалың оқырман қауымды қызықтырар тың туынды болары сөзсіз.

Ерболат САУРЫҚОВ,
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры,
филология ғылымдарының докторы, профессор,
ҚР ҰҒА Құрметті академигі,
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

logopromishrevol kaz

Фотогалерея

logo 3d