«Биология» мамандығының студенттері

«Биология» мамандығының студенттері оқу-дала практикаларын Талас ауданы «Берікқара» шатқалында (зоология зерттеулерін), Жуалы ауданы «Ақсу-Жабағалы» қорығында (ботаникалық зерттеулерін), Қан орталығында, № 6 қалалық поликлиникада (микробиология, анатомия, генетика зерттеулерін), Агробиологиялық ғылыми-зерттеу институтында өтеді. Практика кезеңінде табиғи жағдайда өсімдіктерге бақылаулар жасап, өсімдіктер онтогонезі процесінің физиологиялық динамикасын, осы процестердің тәуліктік ритмдерін, оларға экологиялық факторлардың ықпалын зерттеп біліп, делянкалар мен вегетациялық ыдыстарда тәжірибе қою және жүргізумен танысады. Агробиологиялық ғылыми-зерттеу институты территориясында жылыжай мен орналасу орны көкөніс өсімдіктерінің физиологиясы мен биологиясын зерттейді, интенсивті бау-бақша дақылдарын өсіру жолдары мен физиологиялық пен морфологиялық тұрғыда зерттейді, суда таралған омыртқалы жануарлардың түрлері мен систематикасын анықтап, тауда мекендейтін омыртқалылардың талдауын зерттейді.

Жуалы ауданы  «Ақсу-Жабағалы» қорығында ботаникалық зерттеулер барысында

 

Талас ауданы «Берікқара» шатқалында зоология зерттеулері

 

Берікқара шатқалында орналасқан «Жұрындысай» балалар сауықтыру лагерінде
ботаника, зоология зерттеулері

 

Томат өнімдерінің морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу

 

Қан алу орталығында қан топтарын анықтау кезеңі

 

 

Ботаникадан гербарий дайындау кезі

 

 

Агробиологиялық ғылыми-зерттеу институтында  «Таксидермия» зертханасы

 

зоологиялық препараттарды дайындау және зерттеу кезі

 

Практиканың соңғы күндерінен естелік сурет