«География» мамандығының студенттері

«География»  мамандығының студенттері

5В011600 - «География» мамандығының оқу-дала практикасы территориялық табиғат кешенін және оның компоненттерін зерттейтін пәндердің аяқталуы болып табылады. Практика барысында студенттер жалпы жертану, геология, геоморфологиялық, метеорология және климатология, ландшафттық дала зерттеу әдістерімен, ондағы картографиялық және топографиялық әдістерімен және тәсілдерімен танысады.
Дала зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, өзен алабын зерттеу, морфоскульптураны зерттеу, уақытша су ағыстарымен жасалынған жер бедерінің пішіндері, гидрографиялық тор жасау, өзеннің гидрологиялық көрсеткіштерін анықтау, өзеннің алқабы (бассейіні) және өзен жүйесін анықтау, топырақ түрлерімен танысу, топырақ-өсімдік жамылғысына жалпы сипаттама, микорклиматтық көрсеткіштерін бақылау, ландшафттық кескіндеуін, камеральдық кескіндеу кезеңін анықтау болып табылады.
5В011600 - «География» мамандығының дала практикасын Талдықорған облысы Алматы қаласы ЖШС «Samruk Company» (Горнолыжная турбаза Алматау) лагерінде өтуде.
Практика барысында студенттер Горнолыжная турбаза Алматау лагерінде берілген тапсырмалар бойынша Қотырбұлақ өзенінің бастауы, жер бедерінің ерекшеліктері, топырақ жамылғысы, су шығынын анықтау, ені мен ұзындығы және тау жыныстарының коллекциясын жинап, оларға сипаттама беру болып табылған. Қотырбұлақ өзенінің ластану себептері, зерттелген обьектінің орманды табиғи территориялық кешенге тәуелділігін анықтау, Алматау лагерінің жер бетіндегі ағын сулармен топырақ жамылғысының суайрық тізбектегі, өзен аңғарларының, таулы өкілдерінің таралуын анықтау болды.

    Өткізілетін ауданның алдын ала                        Өзен ағысының жылдамдығын
    карталарын дайындаукезеңі.                             анықтау тәсілдері

    Алатау тау жотасының беткейінің                      Топырақ-өсімдік жамылғысына
    флорасымен танысуда                                       жалпы сипаттама беруде

Үлкен Алматы көлінде ауданның территориялық
табиғат кешендерімен танысуда

жердің планын  қағаз бетіне түсіруде           Горнолыжная турбаза Алматау лагерінде