«Тарих» мамандығының студенттері

«Тарих» мамандығы оқу-мұражайлық, оқу-архивтік, оқу-археологиялық практикаларын «Жамбыл облыстық әкімдігінің мәдениет архивтер және құжаттама басқармамасы, тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясында» және «Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи мәдени қорық мұражайында» жүргізеді. Практика барысында студенттер Түркістан облысының, Түркістан қаласының Қ.А.Яссауи кесенесіне және Отырар қалашығындағы археологиялық ескерткіштерді, олардың тарихы мен құрылысы, қайта құрылуы, түрлі тарихи оқиғалар жайлы мәліметтер жинады. Археологиялық кешендер бойынша қазба жұмыстарының жүргізілуіне атсалысты. Ескерткіштер сызбасын жасау, тарихи жәдігерлердің құрылымын тексеру, ескерткіштердің жобасын құрау, өлшеу жұмыстарын жүргізді. Кәсіптік практика тарих ғылымдарының докторы, профессор С.А.Байтленнің және аға оқытушылардың ұйымдастыруымен жүргізілді.

 

Көне Отырар қаласында түрлі тарихи оқиғалар жайлы мәліметтер жинауда

Археологиялық қазбалар кезеңі

Отырар қаласының мұражайы