Аттестация

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

БҰЙРЫҚ

gerb

ГУ «КОМИТЕТ ПО КОНТРОЛЮ В

СФЕРЕ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ МИНИСТЕРСТВА ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»

ПРИКАЗ

2015 жылғы 10 шілде                                                                  № 993

       Астана қаласы                                                                                                                    город Астана

«Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті»

мекемесінде мемлекеттік аттестаттау барысында

айқындалған кемшіліктерді жоюдың

қорытындылары туралы

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің «Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті» мекемесіне жүргізілген комиссия жұмысының қорытындылары туралы тапсырылған материалдар негізінде

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті» мекемесін мемлекеттік аттестаттау туралы комиссияның қорытындысы бекітілсін.
  2. Мемлекеттік аттестаттау нәтижесінде білім беру қызметінің жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкестігіне байланысты «Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті» мекемесі аттестатталсын.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының орынбасары Л. Бөлебаеваға жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Төраға                                                                        С. Нүсіпов