2016-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары


 Қазақстан Республикасы білім және ғылымды дамытудағы мемлекеттік бағдарламаны іске асырудағы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 2016-2019 жылдарға арналған іс-шара жоспарлары.

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті заңды тұлға ретінде 12 маусым 2008 жылы тіркелген (№10485-1919-У-е). 2014-2015 оқу жылында университет жоспарлы мемлекеттік аттестациядан өтіп, ҚРБжҒМ ғылым және білім саласындағы бақылау комитетінің 2015 жылдың 3 маусымындағы №795 бұйрығымен АБ №006458 нөмірлі мемлекеттік лицензиясымен 28 бакалавриат және 12 магистратура мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығы көрсетілген   № 001 қосымшасы берілді.

     Университеттің стратегиялық жоспарына сәйкес, оқу-әдістемелік оқу үдерісін, ғылыми және білім беру бағыттарын тұрақты дамытушы болып табылады. Осылайша, оқу орны құрылуынан бері кредиттік технология жүйесімен оқыту және академиялық ұтқырлық бойынша Болон декларациясының мүшесі болып табылады. Университет арнайы білім беру бағдарламасын әзірлеуде белсенді және тиімді әдістерін қолдануға құзыретті болып табылады. 2015-2016 оқу жылынан бастап мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларын жұмыс берушілермен келісе отырып, әзірлеу қолға алынды.

     ТИГУ-дің стратегиялық жоспарын орындау барысында білім беру қызметін оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбиелік бағыттарда дамытып келеді. Мамандықтардың білім беру бағдарламаларын әзірлеуде әдіс-тәсілдер белсенді және тиімді қолданыс табуда. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде барлық мамандықтар жұмыс оқу жоспарларымен толығымен қамтылған. Университетте оқу-тәрбиелік үдерісінің әдіс-тәсілдерін жетілдіру іс-шаралары тұрақты жүргізіліп, бұл бағыттағы жұмыстар кәсіби мамандарды жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарт талаптарына сәйкес дайындау деңгейі мен нарықтық экономика сұраныстарына сай келетін кәсіби мамандар даярлаудың сапасын арттыруға мол мүмкіндіктер жасайды.

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 2016-2019 жылдарға арналған іс-шара жоспарлары.толығырақ...

Ректордың блогы

logo10let

xabarlandiru

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

logo 3d