ТҮРІКТАНУ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

«ТҮРКІТАНУ ЖӘНЕ АРХЕОЛОГИЯ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

 

Молгаждаров Қасиет Какенұлы филол.ғ.докторы, доцент, ТИГУ профессоры 1965 жылы қазан айының 8-і күні Солтүстік Қазақстан облысы, Уалихан ауданы, Өндіріс ауылы (Бұрынғы Көкшетау обл. Қызылту ауд.) дүниеге келген. 1992 жылы Ш.Уәлихан атындағы Көкшетау пединститутынан «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі деген мамандықты бітірген. ҚР Білім және ғылым министрлігінен «ҚР-ның ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» деген төсбелгісімен (2017), ҚР ж/е ҒМ Ұлттық тестілеу орталығы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Жамбыл облысы әкімінің, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының», Ақмола, Жамбыл облыстық тілдерді дамыту басқармасы және Көкшетау, Тараз қалалық білім бөлімі, ТИГУ-нің Алғыс хаттарымен марапатталған. ҚР Президенті аппаратының жанынан құрылған (Қазақ тілін латын графикасына көшіруге байланысты 2017-2019) «Ұлттық комиссияның» Орфографикалық жұмыс тобының мүшесі болған. 2016-2020 оқу жылы аралығында Тараз қаласындағы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Ғылыми жұмыстар және халықаралық қарым-қатынастар жөніндегі проректор», бүгінгі таңда ТИГУ-нің жанынан құрылған «Түркітану және археология» ғылыми-зерттеу орталығының директоры болып қызметі жалғасуда.
«Түркітану және археология» ғылыми-зерттеу орталығы (бұдан әрі - ҒЗО) – Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің гуманитарлық бағытта зерттеулер жүргізетін құрылымдық бөлімшесі ретінде 2016 жылдың 1 қыркүйегінде құрылған. ҒЗО мақсаты: Түркі дүниесінің тарихы, тілі мен жазба ескерткіштерін зерттеу арқылы бабалар мұрасын оқып үйрену, насихаттау және жас ұрпақтың санасына сіңіру болып табылады. Міндеттері:
– түркі халықтарының тілі мен тарихына қатысты жазба деректерді іздестіру, жинақтау, транскрипциясын жасау, тілдік және тарихи жағынан интерпретация жасау, нәтижелерін ғылыми айналымға енгізу;
- отандық және шетелдік кітапханаларындағы сирек қорлар және архивтерден зерттеу тақырыптарына қатысты мәліметтерді жинақтау, талдау және ғылыми айналымға енгізу.
– Жамбыл облысы аймағында экспедициялар жүргізіп, түркі жазба ескерткіштерін тауып, талдап, нәтижелерін ғылыми айналымға енгізу;
– Кеңес үкіметі кезеңінде немесе қазіргі кезеңдегі шетелдік ғалымдардың елдігіміз бен өркениетіміздің тарихын жазуда бұрмалаған тұстарын жаңаша пайымдаулар мен ұлттық көзқарас тұрғысында қарастырып, ғылыми еңбектер жазу. Бұл мақсат-міндеттердің барлығы мемлекеттік бағдарламаларға негізделген. Атап айтқанда, мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың тікелей қолдауымен 2013 жылдан жүзеге асырылған «Халық тарих толқынында» бағдарламасы, 2017 жылдың 12 сәуірінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары негізінде жасалды. ҒЗО негізінен 4 ғылыми бағыт бойынша жұмыстар атқарылуда:
1. Ғұн, сақ дәуірінің тарихи және лингвистикалық мәселелері
2. Көне түркі руникалық жазба ескерткіштері: өткені, бүгінгі жағдайы және болашағы (тарихи-лигвистикалық аспект)
3. Ұлы Дала тарихы (ұлы тарихи тұлғалар, ұлттық тарихи оқиғалар, қағанаттар, сұлтанияттар, бірлестіктер, хандықтар, мемлекеттер негізінде).