ҒЫЛЫМИ- ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМЫТУ БӨЛІМІ

ҒЫЛЫМИ- ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМЫТУ БӨЛІМІ

BaubekovS

ҒЫЛЫМИ- ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ БАУБЕКОВ САБИТ ЖҰМАБАЙҰЛЫ

Баубеков Сабит Жұмабайұлы 1954 ж. 14.03. Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылында дүниеге келген. 40 жылдан астам біліммен қатар білімгерлерді оқыту және тәрбиелік жұмыстарын белсене атқаруда. Ол әр жылда 2-3 білімгерді, 3-4 мектеп оқушыларына ғылыми жетекшілік етіп, әрдайым қалааралық, облыстық, республикалық жобалық жарыстардың жүлдегері. Оның ғылыми бағытындағы жұмыс нәтижелері жобалық гранттардың иегері, Ғылымдағы жаңалықтары «Инновациялық жобалардың» Республикалық Каталогына енген және «Инновациялық форсаж» -республикалық конкурсының финалисі.ҚР ЖОО – «Үздік оқытушысы» грантының иегері. Ресей жаратылыстану Академиясының, Аймақтық менеджмент академияларының академигі. Халықаралық деңгейдегі марапаттардың иегері, белгілі ғалым. Ол, 400-ден аса ғылыми еңбектердің, соның ішінде 9 ғылыми монографияның, 60 аса оқулық пен оқу құралдарының, 22 өнертабыстың авторы. Ғылыми ізденіс жұмыстарының нәтижесі халықаралық конференцияларда, конгрестерде, симпозиумдарда оң бағаланып, қолдауға ие болған ғалым.

Ғылыми- зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және стратегиялық дамыту бөлімінің құрамы:
Мауленова Ғ.М.- бөлім маманы

Ғылыми- зерттеу жұмыстарын коммерциялизацияландыру және патенттеу жұмыстары бөлімінің құрамы:

Абдураманов Е.А.- бөлім бастығы

Абдураманов Ержан Абдуманапұлы 1973 жылы 20 ақпанда Жамбыл қаласында туылған. 1995 жылы ЖГМСИ бітірді, мамандығы – инженер - мелиоратор. 2000 жылы Су шаруашылығының ҒЗИ жұмысқа кірді. 2001-2004 жж. Аспирантурада оқыды. 2007 жылы техника ғылымдарының кандидаты атағы берілді. 2012-2013жж.ЖГТУ-інде аға оқытушы болып жұмыс атқарды. 2014-2016жж. ТарМУ-інде жұмыс істеді. 2017жылдың қыркүйегінен бастап ТИГУ-інде жұмыс істеп келе жатыр.36 ғылыми жұмысы бар, оның ішінде 11-не ҚР өнертабысқа алдын-ала патент алынған.

Асқар С.-бөлім маманы

ҒЗЖКжПО былтырғы жылдың күзінен жұмыс істеп келе жатыр. Бөлім құрамында екі қызметкер бар: бір бастық, бір маман. Университеттің ҒЗЖ ұйымдастыру және оны әрі қарай жетілдіру және тиімділігін арттыру туралы ұсыныстар беру, ішкі және сыртқы нарықта жасаланатын ғылыми өнімдерге деген қажеттілікке байланысты маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру – ҒЗЖК ж ПО –ның функционалды міндеттеріне кіреді. Қазір 9 инновациялық жоба бар, оның үшеуі қаржыландыру мақсатымен ҚР БҒМ-не берілген, қалған алтауы да өз кезегін күтуде. 2017 жылы 3 авторлық куәлік алынды. 2018 жылы 5 авторлық куәлік алу жоспарлануда. 2018-2020 жж. инновациялық технологиялар өндіріске енгізіледі деген сенім бар.

«Академиялық мобильдендіру » бөлімі
1 Суталиева Ш.- бөлім бастығы

Аты-жөні: Суталиева Шынар Боранқызы
Туған жылы, айы, күні : 16.12.1965ж
Білімі: Жоғары
Мамандығы : Қаржы, Құқықтану
Бітірген оқу орны: М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті Университеттегі қызметі : Бөлім бастығы
Е-mail:This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Заң ғылымдары магистрі
1965 жылы 16 желтоқсан айында Жамбыл облысы Меркі ауданы Меркі селосында дуниеге келген
1983-85 жылдары» Алматы Есеп-кредит техникумын» бітіріп шықты
М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеттінде «Қаржы» мамандығын, «Құқықтану» мамандығын бітіріп шықты. «Құқықтану» мамандығы бойынша заң ғылымдары магистрі академиялық дәрежесін алды. Еңбек жолын 1987 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтынан бастады. Сосын «М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінде» жұмысын жалғастырды
Қазіргі таңда 2016 жылдың қыркүйегінен бастап «Тараз инновациялық- гуманитарлық университетінің» «Академиялық мобильдендіру және Болон үрдісі бөлімі» бастығы қызметін атқаруда.

Бөлімнің мақсаттары мен міндеттері:

  1. Университет үшін құжаттардың дайындығын қамтамасыз ету;
  2. Кіріс және шығыс хаттарды тіркеу;
  3. Әріптестік қарым-қатынасқа құжаттарды әзірлеу;
  4. Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға келісім шарт құру;
  5. Ұлттық және халықаралық академиялық мобильдік бағдарламаларының тізімін жаңарту үшін біліктілік жарыстар өткізеді;
  6. Академиялық ұтқырлық бағдарламаларының талаптарымен студенттерді,оқытушыларды,қызметкерлерді хабардар ету;
  7. Факультетінің студенттері арасында іріктеу жарыстарының хабарлап айту;
  8. Студенттердің тәжірибе алмасуға кеткен уақытысын, оқу жұмыс бағдарламаларын, тексеріп, қадағалау;
  9. Студенттердің тәжірибе алмасу үшін құжаттарды рәсімдеу процесін ұйымдастыруға көмек беру;
  10. Бірлескен білім беру бағдарламаларын арнайы мекемелерді іске асыру мақсатында шетел ғалымдары мен оқытушыларын тарту жұмысын жүргізу.

Ғылым бөлімі және халықаралық қарым-қатынастар жұмыстары: 

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және стратегиялық дамыту бөлімі Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады және Ғылыми-өндірістік бөлімі болып табылады. Ғылыми- зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және стратегиялық дамыту бөлімінің өз жұмыстары барысында университет Жарғысын, Ережесін, университеттің Үкіметаралық өкілетті кеңес шешімдерін, университеттің әдістемелік, нормативтік материалдар негізінде әзірленген ережелерін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Еңбек туралы» Заңдарын, Ғылым мәселелер жөніндегі ҚР Үкіметі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің қаулылары мен шешімдерін, мемлекеттік білім стандарттарын, ректордың бұйрықтары мен өкімдерін басшылыққа алады.
Ғылыми- зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және стратегиялық дамыту бөлімінің құрылымы: Ғылыми- зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және стратегиялық дамыту бөлімінің қызметіне толығымен бөлім бастығы жауап береді.
Ғылыми- зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және стратегиялық дамыту бөлімінің міндеттері:
Бекітілген Ғылыми бағыттарына сәйкес Ғылыми- зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және стратегиялық дамыту бөлімінің жоспары бойынша тапсырыс берушілермен келісім шарт негізінде дайындауларды жүргізу, симпозиумдарды, семинарларды, Ғылыми конференцияларды ұйымдастыру.
Білімгерлердің Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және басқару, университет бөлімдерін ҚР және шетелдерде ұйымдастырылатын Ғылыми конференциялардың жоспарларымен таныстыру.
3. Оқу үрдісінде Ғылыми-зерттеулердің нәтижесін белсенді қолдана отырып, мамандарды дайындау сапасын жетілдіру.
4. Білімгерлерді шаруашылық келісім шарт және Ғылыми зерттеулер орындауға тарту, жаңа техникаларға, заттарды метрологиялық аттестацияларға және стандартқа сай келмейтін өлшеу құралдарына кешенді сынақтар жүргізу.
5. Университеттің халықаралық байланыстар жұмысын ұйымдастыру, бағдарлау.
6.Университеттің халықаралық байланыстар саласындағы құжаттарын рәсімдеу, келісім-шартқа отыру және оны жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыру.
7.Қазақстан Республикасы және шет мемлекеттерде жүзеге асатын халықаралық байланыс саласындағы жобалар мен бағдарламалардың жүзеге асуын бағдарлау. 
Ғылыми- зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және стратегиялық дамыту бөлімінің  функциялары:
1. Университеттің Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және оны ары қарай жетілдіру және тиімділігін арттыру туралы ұсыныстар беру.
Шет елдердің жоғары оқу орындары және Ғылыми мекемелерімен Ғылыми байланыстар және қарым-қатынастарды қамтамасыз ету.
Халық шаруашылығының Ғылыми және Ғылыми-техникалық дамуы мәселелерін шешуі үшін университеттің Ғылыми потенциялын тиімді пайдалану.
Университет профессор – оқытушыларының және студенттердің үздік Ғылыми – зерттеу жұмыстарының нәтижелерін халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде өткізілінетін грантттарға, конкурстарға және олимпиадаларға қатыстыру жұмыстарын ұйымдастыру.
5. Университет пен өзара келісілген әрекеттері мен алмасуларды және байланыстарды жүзеге асыру мақсатында шетелдегі оқу орындарының ынтымақтастық жұмыс бағдарламаларын орындауды ұйымдастыру (оқытушылар мен студенттердің академиялық икемділігі; университетте дәрістерді оқуға шетел профессорларын тарту);
6. Жалпы университеттік денгейде байланыстар орнату үшін серіктестерді іздеу мен іріктеу, университеттің халықаралық ЖОО-аралық байланыстарын  жоспарлау, ынтымақтастықтың басымдық бағыттарын анықтау.
7. Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша факультеттерге, кафедраларға және университеттің басқа бөлімшелеріне жұмысты үйлестіру, оқу орындарымен келісім-шарттар бойынша жұмысқа университет қызметкерлерін тартуға көмектесу;
8. Әріптестік орныққан шетел ЖОО-ның, мекемелер мен ұйымдардың өкілдерін және шетелдік  әріптестерді университетке шақыру, оларға  визалық қолдау көрсету, алғашқы көші-қон тіркеуіне алуды қамтамасыз ету, олармен кездесулер мен келіссөздерді өткізуге және ұйымдастыруға қатысу, бірлескен ғылыми конференциялар ұйымдастыру.

Мекен-жайы: Сатпаев к-сі 1А, кабинет 3 блог-204

Ректордың блогы

logo10let

xabarlandiru

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

logo 3d