Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

ТИГУ ректоры – «Жыл адамы-2017»

1

Жуырда қала күні мерекесі дәстүрге сай орталық алаңда дүркіреп аталып өтті. Шаһардың дамуы мен шырайын келтіруге, әлеуетін арттыруға атсалысқан азаматтардың еңбегі еленіп, марапатталды. Тараз қаласының экономикалық, әлеуметтік және қоғамдық дамуына сүбелі үлес қосқаны үшін Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының «Құрметті академигі», филология ғылымдарының докторы, профессор, Жамбыл облыстық мәслиxатының депутаты Саурықов Ерболат Байұзақұлы «Жыл адамы-2017» номинациясымен марапатталды.

         Бұл марапатты алуға ұжымның да септігі мол екенін айтқан Ерболат Байұзақұлы алдағы уақытта да қаламыздың көркеюіне, түрлі іс-шараларға ұжым болып белсенді жұмыс жасауға шақырды.

ТИГУ баспасөз қызметі

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Видеогалерея

Фотогалерея

Іздеу

Пайдалы сілтемелер