Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...

«Шерхан оқулары»байқауыныңқалалық кезеңі өтті

1

        Университеттің «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Шерхан оқулары» дәстүрлі байқауы басталды. Осымен екінші мәрте өткізіліп отырған байқаудың биылғы қалалық кезеңіне шаһардағы орта мектеп оқушылары мен орта арнаулы оқу орындарының білімгерлері бар, бас-аяғы 80-ге тарта қатысушы бақ сынасты.

2

        Қатысушылар «Жұлдызы нұрлы суреткер» (шығарма талдау), «Рух пен намыстың төресі» (мәнерлеп оқу), «Зау тұлға» (өз өлеңдерін арнау) және «Шерхан Мұртаза мұрасы» (ғылыми жоба) деп аталатын төрт бағыт бойынша сынға түсті. Әр бағыт бойынша тағайындалған қазылар алқасы шешім шығарып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Бұл кезең жеңімпаздары облыстық байқауға жолдама алды.

        Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Ерболат Саурықов тарапынан үлкен қолдауға ие болып, нәтижесінде әрбір шығармашыл оқушының талантына серпін беріп, мақсаттарын еселегендігі даусыз. Ерболат Байұзақұлы марапаттау сәтінде сөз алып, Шерхан мұрасын насихаттап, жастардың мол мағлұмат алуы үшін алдағы уақытта да түрлі іс-шаралар легі жалғасын табатындығын айтты.

        Байқау 22 қарашаға дейін облыс аудандарында жалғасын тауып, облыстық негізгі кезең 29 қараша күні университет қабырғасында өтетін болады. Облыстық сыннан сүрінбей өткен жеңімпазға ТИГУ ректорының гранты беріліп, тегін оқу мүмкіндігіне ие болады. Ал екінші, үшінші орынды еншілеген қатысушылар 50%, 25% жеңілдіктер табысталады.

3

Назарларыңызға қалалық кезеңнің 4 бағыты бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімін ұсынамыз:

І бағыт

І орын –Өтетілеу Алтынай - №11 орта мектеп

ІІ орын – Абдлалимова Гүлмира - Жамбыл экономика және ақпараттық технология колледжі

Сәтекова Мадина - №25 о/м

ІІІ орын – Әмірбек Есімжан - Жамбыл экономика және ақпараттық технология колледжі

Тілеуқұл Алтынай - «Абай атынд. Жамбыл гуманитарлық колледжі»

Алғыс хат: Үркінбаева Аида - Айша бибі «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектебі

Мэлс Дана - «Абай атынд. Жамбыл гуманитарлық колледжі»

ІІ бағыт

І орын – Әбіл Аружан - №5 мектеп-гимн.

ІІ орын – Түкежан Шынар -   Айша бибі «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектебі

Керімова Ляззат - №32 о/м

ІІІ орын – Рахым Камила - «Абай атынд. Жамбыл гуманитарлық колледжі»

Омарова Талшын – Жамбыл экономика және ақпараттық технология колледжі

Базарбай Мөлдір - №29 ом

Алғыс хаттар: Қосубақ Әлибек - «Абай атынд. Жамбыл гуманитарлық колледжі»

Рахым Камила – «Абай атынд. Жамбыл гуманитарлық колледжі»

Айту Нұрай - №8 мект-гимн.

Нұржаубаева Ұлбосын - «Аспара» мәнерлік өнер және бизнес колледжі

Аманжолова Зоя -

ІІІ бағыт

І орын – Нұртаев Бақдәулет №53 мект-гимн.

ІІ орын –Түзел Мәншүк №32 мект.

Бекарыс Шырақбай №26 мект 7 сынып

ІІІ орын – Асылхан Бүрлібай №19 мектеп

Құралай Искакова – Жамбыл экономика және ақпараттық технология колледжі

Мерей Ниязбекова - №51 мектеп

Жетен Жәнерке - №30 мектеп

Алғыс хаттар: Маржан Құрманәлі –«Дарын» мектеп интернаты

Гауһар Әбдіқапарова - №5 мктеп-гимн.

Жания Ахметбек – «Абай атындағы Жамбыл гум/қ колледжі»

ІҮ бағыт

І орын –Қадірбек Назерке - №15 мект-гимн.

ІІ орын – Омарова Гүлмира - №11о/м

Мұратова Айгерім - №5 мект-гимн.

ІІІ орын – Сатыбалды Құралай - №49 мект-гимн.

Жамбыл Аяжан – СШОД

Алғыс хаттар: Тлеухан Азиза - Айша бибі «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектебі

Шайзадаева Фатима - №32 мектеп

ТИГУ баспасөз орталығы

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Видеогалерея

Фотогалерея

Іздеу

Пайдалы сілтемелер