COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

TARAZ INNOVATIVE-HUMANITARIAN UNIVERSITY

Home / ABOUT US / тарихы

ТИГУ туралы

ТИГУ тарихы


2008 жыл – Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтының мұрагері құқығында заңды тұлға ретінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облыстық әділет басқармасында 10485-1919-У-е нөмірімен тіркелді;
0806400101601 нөмірлі статистикалық картасы алынды;
211500236592 нөмірімен салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өтті;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1-шілдедегі №804 бұйрығы негізінде университет қызметін бастады.
2009 жыл – 28 бакалавр және 12 магистратура мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін АБ 0064058 нөмірлі мемлекеттік лицензиясы берілді;
университеттің 2011-2020 жылдарға арналған Даму стратегиясы әзірленді;
университет жанынан «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды.
2010 жыл – университет жоғары кәсіби жетістіктері үшін INSAM Institute Foundation (Женева) бойынша «Еуропалық гранттар» номинациясында үздік болып танылды.
2011 жыл – университет ISO 9001-2008 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігін растады.
2012 жыл – жаңа әкімшілік оқу ғимараты қолданысқа берілді.
2014 жыл – университет базасында 3 га тәжірибелі жер телімі бар Агробиологиялық ғылыми-зерттеу институты құрылды;
2015 жыл – университет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті тарапынан
мемлекеттік аттестациядан табысты өтті;
мемлекеттік аттестаттаудың нәтижелері бойынша ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2015 жылғы 03 маусымдағы № 795 бұйрығына сәйкес бакалавриаттың 28 мамандығы және магистратураның 12 мамандығы бойынша білім беру қызметінің АБ № 0064058 мемлекеттік лицензиясына 001 нөмірлі қосымшасы берілді;

4 қабатты заманауи оқу ғимараты қолданысқа берілді.
2016 жылы – университет Қазақстандық «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінде» (IQAA) институционалды аккредитациядан сәтті өтті;
университет базасында корей және қытай тілі орталықтары ашылды.
2017 жыл – Қазақстандық «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінде» (IQAA) бакалавриаттың 8 мамандығы мен магистратураның 7 мамандығы мамандандырылған аккредитациядан өтті;
жалпы алаңы 1500 ш.м. заманауи спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.
2018 жыл – университеттің «Жаратылыстану» факультетіне жалпы ауданы 2012 ш.м. жаңа оқу-лабораториялық ғимараты пайдалануға берілді.
2020 жыл – 7 130,6 ш.м. болатын 500 орындық Студенттер үйі қолданысқа берілді;
«Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау көрсету орталығы», «Электронды ату тирі» және виртуалдық оқу лабораториялары ашылды.