COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)54-11-27

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

TARAZ INNOVATIVE-HUMANITARIAN UNIVERSITY

Home / ABOUT US / ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС / АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ

АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ

   

Тараз инновациялақ-гуманитарлық университеті мен Тараз қалалық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 20 ақпанында университет базасында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ардагерлер –даналық пен даңқтың үлгісі» атты кездесу өтті.

Студент жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, ерлікке тәрбиелеу, Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы, тыл ардагерлері туралы және қазақстандықтардың ерен ерліктері туралы мәлімет беру, ардагерлерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу, өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткен кездесуге Ұлы Отан соғысының ардагерлері Бердібаев Мұсхан, Белгібаев Бегасыл қариялар, тыл ардагері Сейдуалиев Нарейм, «Жамбыл облысы және Тараз қаласы ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің мүшелері мен ТИГУ ардагерлері қатысты.

2020 жылы 11 наурыз күні «Абай тағылымы» фестивалі ұйымдастырылды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай тәуелсіз ел руханиятындағы кемеңгер ақын шығармашылығының маңазын зердеулеу, егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосу және Елбасы Қ.К. Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын насихаттау мақсатында фестиваль өткізілді.

 

Ардагерлер кеңесінің жұмыс жоспары