COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

TARAZ INNOVATIVE-HUMANITARIAN UNIVERSITY

Home / faculties / «БІЛІМ» ФАКУЛЬТЕТІ

«БІЛІМ» ФАКУЛЬТЕТІ

Факультет деканының студенттерге 
ҮНДЕУІ

Құрметті достар, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің

«Білім» факультетіне қош келдіңіздер!

 

  «Білім» факультетінің деканы,
   педагогика ғылымдарының кандидаты
   Курманбекова Айгуль Саукымбековна
   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
   

 

 

«Білім» факультеті педагогикалық ғылымдар бағытындағы білім беру бағдарламалары бойынша заманауи мектеп мұғалімдерін даярлайды. Атап айтқанда, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Педагогика және психология», «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Филология», «Дене шынықтыру және спорт», «Бастапқы әскери дайындық», «Кәсіптік оқыту», «Көркем еңбек және сурет», «Шет тілі: екі шет тілі (ағылышын-қытай, ағылышын-корей, ағылышын-түрік)». 
Факультетіміздің ғылыми әлеуеті жоғары. Мұнда70-тен аса профессор-оқытушылар құрамы қызмет етеді, оның ішінде 6 ғылым докторы, профессорлар, 2 PhD докторы, 20-дан аса ғылым кандидаты, доценттер бар. Факультетіміздің ұстаздары оқу-тәрбие үдерісін қызықты, мазмұнды, шығармашылықпен өткізеді. Сонымен қатар, студенттермен ғылыми-зерттеу жұмыстары да жүргізіледі. 
Факультет құрамында даярланатын мамандықтарға арналған дәрісханалар, оқу зертханалары мен әдістемелік кабинеттер заманауи техникалармен жабдықталған. Сондай-ақ, пәндік үйірмелер де жұмыс жасайды. 
Ал, студенттердің бос уақытын тиімді, әрі шығармашылықпен өткізуі үшін оқу ғимараты аумағында керемет нысандар орналасқан. 
Позитивті энергия алатын және денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беретін нысан – Спорт кешені және кіші футбол алаңы. Спорт кешенінде жаттығу залы, гимнастика және тренажер залдары бар. Мұнда барлық студенттің бос уақытта келуіне мүмкіндіктер жасалған.
Оқу ғимаратындағы компьютерлік кластар, асхана, кітапхана, оқу залдарының заманауи тұрғыда ЖОО-ның талаптарына сәйкес жабдықталуы студенттердің сапалы білім алуына мүмкіндік берері анық. Сонымен қатар студенттердің магистратура білім беру бағдарламалары бойынша білімдерін жалғастыруға мүмкіндіктері бар.
Құрметті Студенттер! Бізге сенім білдіргендеріңізге рахмет! Біздің университетіміздің білім беру саласындағы ауқымды жоспарлары мен қойылған нақты мақсаттары бар. Осы мақсаттарға бірге жетейік!

 

Факультет деканының өмірбаяны

Құрманбекова Айгүл Сауқымбекқызы, 15.05.1970 жылы Жамбыл облысында туылған.
1990 -1994 жылдар аралығында Жамбыл педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі педагогика және психология» мамандығын оқып бітіреді.
Еңбек жолын 1988-1989 жылдар аралығында Киров атындағы орта мектепте лаборант болып бастады. 1989 жылы Жамбыл педагогикалық институтына «Педагогикалық» факультетке тыңдаушы болып қабылданады.
1994-1996 жылдары Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтында (ЖТЖЖТӨИ) «Культурология» кафедрасында «Педагогика және психология» пәнінің оқытушысы болып қызмет атқарады. 1996 жылы Тараз мемлекттік университетінің «Жалпы педагогика» бөлімі бойынша аспирантураның сырттай бөліміне қабылданады. 1996-1998ж.ж. аралығында ЖТЖЖТӨИ-ның «Культурология» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарады. 1998-2000ж.ж. аралығында Тараз мемлекеттік университетінің «Социология және басқару» кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс жасайды. 2000 жылы педагогика ғылымдарынан кандидаттық диссертациясын 13.00.01-«Жалпы педагогика, этнопедагогика және педагогика тарихы» мамандығы бойынша «Формирование нравственных качеств у студентов» тақырыбында қорғап, 2003 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты атағын алған.
2000-2003 жылдары Қожа–Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық университетітінің Тараз бөлімшесінде «Гумантарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарады. 2004-2008ж.ж. аралығында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институтының «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс жасайды. 2008 жылы аталған институттың «Педагогика және құқықтану» факультетінің деканы болып қызмет атқарады. 2009 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Педагогика» факультетінің деканы болып жұмыс жасайды. 2010-2011 оқу жылында аталған университеттің «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарады. 2011-2012 оқу жылында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған. 2012-2014 ж.ж. аралығында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Білім-экономика» факультетінің деканы, 2014-2015 оқу жылында «Педагогика» факультетінің деканы, 2015 жылдан осы күнге дейін ТИГУ-нің «Білім» факультетінің деканы қызметін атқарып келеді. А.С.Құрманбекованың топ кураторларына арналған «Примерное содержание работы куратора» атты әдістемелік нұсқаулығы және 100-ге жуық педагогика және психология ғылымдары бағытында ғылыми мақалалары жарық көрген. Автор өзінің ғылыми мақалаларын SCOРUS, РИНЦ және халықаралық ғылыми-практикалық, республикалық, аймақтық конференцияларда, көпшілік танымдық баспа беттерінде жариялаған.
Айгүл Сауқымбекқызы республикалық және аймақтық деңгейдегі кәсіби біліктілігін көтеруден өтіп, арнайы сертификаттарға еге болған. Сонымен қатар, 2008 жылы Ғылым және Білім министрі Б.Әйтімованың еліміздің оқу және қоғамдық жұмыстарда және ұрпақ тәрбиелеудегі үлесі үшін арнайы «Алғыс» хатпен марапатталған. 2016 жылы Облыс әкімі К.Көкірекбаевтің ұрпақ тәрбиелеудегі үлесі үшін арнайы «Алғыс» хатпен, 2017 жылы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірінің Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін «Алғыс хатпен», 2019 жылы Білім және Ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин төс белгісімен» марапатталған 

  

Факультеттің жетістіктері