COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

TARAZ INNOVATIVE-HUMANITARIAN UNIVERSITY

Home / MEDIA / News / Халықаралық Тараз инновациялық институты 12 сәуір ғылым күніне арналған «Ғылым мен білім беру үрдістерін ұштастырудың бағыттары мен болашағы» атты дөңгелек үстел

Халықаралық Тараз инновациялық институты 12 сәуір ғылым күніне арналған «Ғылым мен білім беру үрдістерін ұштастырудың бағыттары мен болашағы» атты дөңгелек үстел

Халықаралық Тараз инновациялық институты

12 сәуір ғылым күніне арналған

«Ғылым мен білім беру үрдістерін ұштастырудың бағыттары мен болашағы» атты

дөңгелек үстел

Бүгін  «Жаратылыстану» факультетінің ұйымдастыруымен  «Ғылым мен білім беру үрдістерін ұштастырудың бағыттары мен болашағы» атты дөңгелек үстел өтті.

12 сәуір – Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні. 2011 жылы ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жарлық шығарып, 12 сәуірді ғылым қызметкерлерінің күні ретінде бекітті. Мерекені атап өту 2012 жылдан басталды.

Дәл осы күні қазақ академигі, ғалым-геолог әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген.

Қазіргі уақытта Қазақстанның ғылым саласында 22 мыңнан аса қызметкер жұмыс істейді. Қазақстанда ғылым саласының қалыптасуына 1946 жылы ҚР Ұлттық ғылым академиясы құрылуы негіз болды. Біздің факультетте 5 ғылым докторы, 24 ғылым кандидаты, 2-PhD доктор жұмыс атқарып келетінін айтып, «Жаратылыстану» факультетінің деканы Мұрат Нуридинұлы ғылым күнінің шығу күніне тоқталды.

Дөңгелек үстелді Ғылым, инновация және халықаралық байланыстар жөніндігі проректор, э.ғ.д., профессор Тажибаев Серік Дүйсеналыұлы ашып берді.

«Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының профессоры т.ғ.д. Жамбыл Абдулла және «Стандарттау және ветеринариялық санитария» кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Мұхатай Немеребайұлы барша ұжымды  ғылым күнімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

 «Ғылым мен білім беру үрдістерін ұштастыру бағыттары мен болашағы» тақырыбында «Стандарттау және ветеринариялық санитария» кафедрасының д.м.а.,  т.ғ.к. Шымыр Жалел баяндама оқыды.

Жаратылыстану факультетінде бүгінгі күніғылым мен білімді, өндірісті ұштастыру мақсатында біршама жұмыстар жүргізілуде.Ақтарылып жатқан жұмыстар бойынша сөз кафедра меңгерушілеріне берілді. «Ақпараттық коммуникативтік технологиялар» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к. Оңғарбаева Марал Буркитбаевна «Болашақ мамандардың кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру жолдары» тақырыбында  баяндама жасады.

«Биология және ауылшаруашылықтар мамандығы» кафедрасының меңгерушісі г.ғ.к. Молдахметов Марат Молдабекұлы Биология және ауылшаруашылық мамандықтары кафедрасының әдістемелік басшылығының негізінде «Агробиологиялық» ҒЗО жұмыс нәтижелерін тиімді комерцияландыру мақсатында көкөніс өнімдерін консервілеу және ара балын стик пакеттерге салу бойынша баяндап берді.