COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

TARAZ INNOVATIVE-HUMANITARIAN UNIVERSITY

Home / MEDIA / News / Соңғы қоңырау 2021

Соңғы қоңырау 2021

Халықаралық Тараз инновациялық институты

«Шығармашылық мамандықтар» факультеті «Шығармашылық мамандықтар» кафедрасының 2021-2022 оқу жылына жоспарланған «ТАЛАПКЕР-2021» кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша 25 - мамыр күнгі «Соңғы қоңырау» мерекесіне қатысып қайтты. 

«Шығармашылық мамандықтар» кафедрасының ПОҚ-ы Тараз қаласының Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебі, Абай атындағы №26 орта мектебі, №54 орта мектебі, Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектептерінде ұйымдастырылған 25-Мамыр «Соңғы қоңырау» мектеп бітірушілеріне арналған жиынға қатысып, бітіруші сынып оқушыларымен және де олардың ата-аналарымен кездесулер өткізіп, ЖОО-ның, факультетке қарасты білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, шығармашылық емтиханды тапсыру реті, құжаттарды тапсыру мерзімдері, шектік балл, мемлекеттік грант конкурсына қатысу тәртібі, жалпы алғанда бітіруші мектеп түлектеріне, қызығушылық білдірген білім беру бағдарламалары туралы толық ақпарат және сұрақтарына жауап берілді. Сонымен қатар ректорлық грант, ЖОО тарапынан берілетін әлеуметтік жеңілдіктер, оның ішінде өнер саласы, білім-ғылым бойынша және спорттағы жетістіктері бар студенттерге берілетін жеңілдіктер туралы толық мәліметтер берілді.