COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)54-11-27

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

TARAZ INNOVATIVE-HUMANITARIAN UNIVERSITY

Home / MEDIA / News

News

2021 жылдың 17 наурыз күні Халықаралық Тараз инновациялық институты, «Жаратылыстану» факультеті «Ұлыстың ұлы күні 22 - Наурыз»мерекесі қарсаңында "Тарихқа тағзым" атты мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шараға институтымыздың әкімшілігі, профессор оқытушылары, факультет ұжымы және студентер қатысты. Жиынды институт ректоры Саурықов Ерболат Байұзақұлы ашып, барша ұжымды Наурыз мерекесімен құттықтады.Өз кезегінде Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Сүлейменов Жүсіпбек Тәшірбайұлы жастарға ғылыммен айналысу керектігін баса айтып, қоғам талабына сай маман болып шығуларына тілектестік білдірді. Сонымен қатар институттың бірінші проректоры, т.ғ.д., профессор Асқар Абдуалы тарихымызға шолу жасап, студент жастарға тың мағлұматтар берді. "Әз Наурыз" тақырыбында баяндама жасаған "Тарих және география" кафедрасының меңгерушісі Айтекова Құралай наурыз мейрамының шығу тарихы туралы деректермен бөлісті. Мерекелік іс-шараға орай факультеттің өнерлі студенттері ән айтып, күй тартты.

Бүгін Халықаралық Тараз инновациялық институтының Сатпаев кешенінде орналасқан оқу корпусында, Наурыз мерекесіне орай "Кәсіптік оқыту" мамандығының ұйымдастыруымен "Бауырсақ time" атты іс-шара өтікізілді. Мамандық оқытушылары мен студенттері ыстық бауырсақтарды "Білім" факультетінің оқытушылары мен студенттеріне ұсынды.

 

 

Қазақ – ата-тек, арабтар шежіре – бұтақ, тармақ деп атайтын бұл ұғым халықтың шығу тегін, ұрпақтың таралуын баяндайтын рухани жүйе. Ру, тайпалардың тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан ресми шежіре барлық халықта кездеседі. Шежірені шежіреші қарттар ауызша таратып отырған.

Қазақ шежіресінде тайпа, ру, аталардың таралуымен қатар, оларға байланысты тарихи оқиғалар, елдің қоныс аударуы, бір ел мен екінші елдің қарым-қатынасы, ол елдерден шыққан шешендер, батырлар жайлы әңгімелер қоса жазылады.

Қазақ халқы балаға 7-9 жасында әкесінен бастап ағайын-туысын, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыруға, ата тегін, руын, ел-жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген, "Жеті атасын білу" заң болған. Әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, ел-жұрты үшін жасаған ерлігі, өнегелі істері жайында әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көздеген. «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар» деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан жаттатқан. Ел-жұрт тарихын білу ер азаматты ерлікке, елдікке, Отанды сүюге баулитынын білген.

Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Армысың, әз Наурыз!» атты Наурыз мейрамын өткізу жоспарына сәйкес 16-наурыз күні «Заң» факультетінде «Шежіре күні» аталып өтті.

«Шежіре күніне» орай факультетте «Жеті атаңды білесің бе?» атты онлайн эстафета ұйымдастырылды. Эстафетаға факультет ұжымы мен студенттер қатысты. Эстафетаның мақсаты: отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихын айтып, шежіресін тарату.

Page 3 of 11