COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Басты бет / ФАКУЛЬТЕТТЕР / қашықтықтан оқыту факультеті

«ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ» ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

Алимбетов Абдуғаффар Ваисбекұлы

1976 жылы Қарақалпақстанда дүниеге келген. Білімі – жоғары заңгер. 1997 жылы Қ. Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің құқықтану факультетін бітірген. 1997-1999 жылдар аралығында өз мамандығы бойынша кәсіпкерлік колледжде оқытушы болып жұмыс істеген.
2001-2010 жылдарда А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тараз институты «Мемлекеттік және қылмыстық құқық» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы қызметтерін атқарған.
2002-2005 жылдар аралығында А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Алматы институтының аспиранты.
2009 жылы кандидаттық диссертациясын табысты қорғап шығып, заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған.
2010-2020 жылдар аралығында М.Х. Дулати атындағы ТарМУ кафедра меңгерушісі, доценті қызметтерін атқарған.
Мемлекет және құқықтың тарихы, саяси-құқықтық ілімдер тарихы бағыты бойынша 60-тан аса ғылыми мақалалары жарияланған.
Авторлар ұжымында шығарған «ҚР Қылмыстық құқық» (Жалпы бөлім) оқу құралының және қосавторлықта «Халықаралық жария құқық» атты қазақ тіліндегі оқу-көрнекі құралы (сызба альбом) авторы.
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Факультеттің сипаттамасы мен қызметі


       Қашықтықтан оқыту - білім алушы мен педагог қызметкердің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.
Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, Интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен аралық және/немесе қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс – әрекеті процесін қарастырады.
Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау және аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қашықтықтан оқытудың технологияларын пайдалана отырып оқыған студенттер келесі мүмкіндіктер мен артықшылықтарға ие болады.
-бірінші (колледжден кейін) немесе екінші (үшінші) жоғары білім алу, қайта даярлаудан өту, біліктілікті арттыру;
-жеке оқу жоспары, оқу траекториясын өз бетімен жоспарлау, оқу мерзімін қысқарту;
- негізгі қызметтен қол үзбей оқу;
-уақытты және қаржыны үнемдеу.