COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)54-11-27

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Басты бет / Медиа / ХАБАРЛАНДЫРУ / Өнерпаз студенттер байқауына қатысуға шақырамыз!

Өнерпаз студенттер байқауына қатысуға шақырамыз!


Байқаудың мақсаты университетіміздің 1-4 курс студенттері арасынан өнерлі, дарынды жастарды іздеп табу және студенттік үйірмелерге өнерпаз жастарды тарта отырып, бос уақытын тиімді пайдалану.

 

Байқаудың талаптары: 

1. Жүргізуші

- Жүргізушілер 1 жұптан (2 студент) дайындалады. Факультеттің концерттік бағдарламасының сценариін жасап, байқауды жүргізеді. Жүргізушілер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлей білуі тиіс. Жүргізушілердің сахналық мәдениеті, сырт тұлғасының әсемдігі және дауыс ырғағы ескеріледі. 

2. Ән айту

- академиялық, эстрадалық, дәстүрлі ән, терме т.б. Өнерпаздың вокальдық дауыс тазалығы, ән айту мәнері, сахналық мәдениеті ескеріледі. Ән жанды дауыспен айтылуы тиіс, уақыты 3-4 минут. 

3. Хореография

- Бидің барлық түрі: халықтық, балдық, европалық, заманауи, топтық немесе жеке би, флеш-моб т.б. Сахна мәдениеті сақталуы тиіс, уақыты 3-4 минут. 

4. Көркемсөз оқу

- Белгілі ақын-жазушылардың   шығармашылығынан 1 шығарма оқылады. Өнерпаздың дауыс ырғағына, оқу мәнеріне, сахнада өзін ұстай білуге көңіл аударылады. Өнерпаз өлең оқу барысында фондық әуен қойылуы шарт, уақыты     3 минут. 

5. Ақындық өнер

- Студенттің өз шығармашылығынан 1 шығарма оқылады. Сонымен қатар А.Құнанбаевқа арналған арнау өлеңі немесе Туған жерге арналған патриоттық шығармасынан өлең оқуы шарт, уақыты 3 минут. 

6. Аспапта ойнау

- Қатысушының қалаған аспабында танымал композиторлардың 1-2 шығармалары орындалады, өнерпаздардың аспапта ойнау шеберлігі ескеріледі, уақыты                      3-4 минут. 

7. Театрландырылған көрініс немесе әзіл-сықақ көрсету

- Драмалық шығарма немесе телеарналарда көрсетілмеген әзіл-сықақ қойылымдарынан үзінді көрсету. Өнерпаздардың ерекше таланты мен сахналық мәдениеті назарға алынады, уақыты 8-10 минут. 

8. Жайдарманшылар ойыны

- «Біз ТИГУ студенттеріміз!» тақырыбында қазақ немесе орыс тілдерінде жайдарман ойының көрсету. Әзілдердің мазмұны, қатысушылардың сахналық мәдениеті мен киім үлгісіне ерекше мән беріледі, уақыты 3-4 минут. 

9. Сән театры

- Көрікті, сымбатты, бойы 168см-ден жоғары студент қыздар мен жігеттер қатыса алады. Үміткерлер өзінің сахнада жүрісін музыкалық сүйемелдеумен көрсетеді. 

10. Фотосурет

- 1. Үй тапсырмасы. «Туған жер», «Жастар синэргиясы», «Менің университетім» тақырыбында қатысушы қазылар алқасына 6 сурет тапсырады. Суреттің артында толық аты-жөні, тобы және байланыс телефоны көрсетілуі тиіс.

2. Фоторепортаж. Қатысушы өз фотоаппаратымен байқаудың өткізілу кезеңінде түсірілген таңдаулы 10 фотосуретін электронды нұсқада қазылар алғасына ұсынады.