COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)54-11-27

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар

Жаңалықтар

8 наурыз - аяулы аналарымызға, әпкелерімізге, қарындастарымызға құрметімізді, ізетімізді, ілтипатымызды білдеретін мереке. Тіршіліктің жанданып, жан біткенге қуат беріп, ерекше көңіл-күй сыйлайтын көктем мезгілінің ең керемет күні - Аналар мерекесі. Мереке қарсаңында Халықаралық Тараз инновациялық институтының мәжіліс залында Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев көпбалалы аналар мен түрлі салада жетістікке қол жеткізген əйелдер қауымын салтанатты жағдайда қабылдады. Басқосуға Тараз қаласы мен аудандардан 300-ден астам қыз-келіншек онлайн қатысты. Аталмыш шараға институмыздың «Шерхантану» ғылыми зерттеу орталығының директоры Кембаева Айнұр Тұрарқызы құрметті қонақ ретінде шақырылып, облыс әкімінің құттықтауында болып, марапатталды.

Әлемге мейірім шашып, ұрпаққа пана болған әйел затынсыз дүние жарық емес. Әйел – ұлттың ұйытқысы, шаңырақтағы тәрбиенің көзі, сүйіспеншілік пен сыйластықтың алтын арқауы дей келе аймақ басшысы киелі Әулиеата жері ардақты апалар мен асыл аналардың, атақты еңбек майталманы атанған әйел азаматтар мен аяулы арулардың мекені екенін атап айтты.

Олай болса, еңбегі еленіп, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қабылдауында болып, еркін форматта ханымдармен дидарласып, ой бөлісіп, пікір алмасқан, пайым мен парасатқа, ізгілікке, мейірім мен махаббатқа толы кездесуге қатысып марапатталған Айнұр Тұрарқызын ұжым атынан шын жүректен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, шалқар шабыт пен творчестволық табыстар тілейміз!


Көк желекті көктеммен бірге көңілге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, әпкелеріміздің, қарындастарымыздың төл мерекесі – 8 наурыз мерекесі келіп жетті. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.

Бүгін Халықаралық Тараз инновациялық институтында алғаш рет, ерекше форматта мерекелік жиын өтті. Жиын институт ректоры Ерболат Саурықовтың бастамасымен «Шақырады көктем» тақырыбында дөңгелек үстел басындағы кездесу түрінде өтті.

Мерекелік жиынның қатысушылары инстиуттың дамуына ерекше үлес қосып жүрген ғалым қыздар, ардагер ұстаздар, білікті басшылар мен студент қыздар өз пікірлерін ортаға салды. Олар жетістіктері туралы айтып, мерекеге сай ізгі тілектерін, ұсыныстарын айтты.

Өз кезегінде ректор Е.Саурықов институт аруларына ризашылығын білдіріп, естелік сыйлықтар тапсырды.