COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)54-11-27

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Ауғанстан жаңғырығы» атты кездесу болып өтті.

«Ауғанстан жаңғырығы» атты кездесу болып өтті.

2021жылдың 16 ақпаны күні Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Студенттер үйінің» конференц залында   КСРО Қарулы күштері шектеулі контингентінің (1979-1989) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 32 жыл толуына орай «Ауғанстан жаңғырығы» атты кездесу болып өтті. Кездесуге Жамбыл облысы және Тараз қаласы бойынша «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» одағының Төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері - Ермеков Дүкенбай Сайлаубекұлы және Тараз қаласы бойынша «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» одағының мүшесі, ардагер – Қазбек Әлібек қатысты. Университетіміздің «Шығармашылық мамандықтар» кафедрасының аға оқытушысы, Ауған соғысының Ардагері - Үсен Біржан Ауған соғысындағы жасаған ерліктері мен естеліктері туралы баяндады. Кездесу соңында естелік суреттерге түсіп, сыйлықтар тарту етілді.  

«Тәрбие жұмыстары және саналы ұрпақ» бөлімі