COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)54-11-27

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Алло! Біз таланттыларды іздейміз-2021!» өнерпаз студенттер байқауы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды.

«Алло! Біз таланттыларды іздейміз-2021!» өнерпаз студенттер байқауы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды.

Студенттік өзін-өзі басқару құрылы мен Жастар ісі жөніндегі комитет және Тәрбие жұмыстары және саналы ұрпақ бөлімінің ұйымдастыруымен  17 ақпан күні «Алло! Біз таланттыларды іздейміз!» өнерпаз студенттер байқауы өтті. Байқау карантиндік талаптар сақталып, жабық түрде өткізілді. Байқауда күндізгі бөлімде оқитын өнерлі студенттер ән айту, хореография, көркем сөз оқу, ақындық өнер, театрландырылған көрініс немесе әзіл-сықақ көрсету, аспапта ойнау, жүргізуші-конферансье, сән театры, жайдарманшылар қойылымы және фотосурет аталымдары бойынша            10 номинация бойынша бақ сынасты.

Байқаудың мақсаты университеттің студенттері арасынан өнерлі, дарынды жастарды іздеп табу. Студент жастардың бос уақытын тиімді пайдалана отырып университетіміздің студенттік үйірмелеріне өнерпаз жастарды тарту.

Байқауға "Экономика және құқық", "Білім" және "Жаратылыстану" факультеттерінің студент жастары қатысып, жүлделі орындарға ие болып университет ректорының дипломы мен алғыс хаттарымен          марапатталды. Ал, жүлделі орындар келесідей белгіленді.

 

Жүргізуші-конферансье номинациясы бойынша;

1 орын Есетов Аққұшақ

2 орын Құдайберген Еркенұр

3 орын Шоқпарбек Арайлым

 

Ән айту номинациясы бойынша;

1 орын Қанарбек Салтанат

2 орын Әлихан Бақдәулет

3 орын Қасымова Аружан

 

Хореография номинациясы бойынша;

1 орын «Айкөркем» бишілер тобы

2 орын «Жаратылыстану» флеш-мобы

3 орын жеке орындаушы Әбділда Анель


       

 Жайдарманшылар қойылымы бойынша;

1 орын «Интрига» командасы

2 орын «Тук-тук» командасы

3 орын «Шапалақ» командасы


 

 Сән театры номинациясы бойынша;

«Білім» факультеті

1 орын Амен Бернар

2 орын Сағатқызы Қарлығаш

3 орын Искаков Жандос 

Сән театры номинациясы бойынша; 

«Жаратылыстану» факультеті 

1 орын Телібаев Жалғас 

2 орын Сүйіндік Жанерке 

3 орын Искаков Нұрсұлтан  

Сән театры номинациясы бойынша; 

«Экономика және құқық» факультеті 

1 орын Әділхан Бақдәулет 

2 орын Хаппаев Хамзат 

3 орын Берді Ерасыл

 


 

Көркем сөз оқу номинациясы бойынша; 

1 орын Сағадинов Төлеби 

2 орын Әбдірей Мұстафа 

3 орын Ділдабек Мөлдір  

Ақындық өнер номинациясы бойынша; 

1 орын Қылышбек Аружан 

2 орын Молда Ислам 

3 орын Смағұл Наурызбек  

Аспапта ойнау номинациясы бойынша; 

1 орын Жаңабай Бақдәулет 

2 орын Дүйсебаев Ерасыл 

3 орын Искаков Нұрсұлтан  

 

Байқау қорытындысы бойынша ерекше дайындықпен келген «Білім» факультеті «Ең үздік өнерпаз» факультет дипломымен марапатталды. 

 

Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Назгүл Жаңабекқызы