COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)54-11-27

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / 2021 жылдың 25 ақпанында Халықаралық Тараз инновациялық институтының Ғылым, инновация және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Серік Тәжібаев жұмыс сапарымен Экономика және қаржы институтына (Қырғызстан Республикасы) барды.

2021 жылдың 25 ақпанында Халықаралық Тараз инновациялық институтының Ғылым, инновация және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Серік Тәжібаев жұмыс сапарымен Экономика және қаржы институтына (Қырғызстан Республикасы) барды.

2021 жылдың 25 ақпанында Халықаралық Тараз инновациялық институтының Ғылым, инновация және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Серік Тәжібаев жұмыс сапарымен Экономика және қаржы институтына (Қырғызстан Республикасы) барды. Ресми кездесу барысында жоғары оқу орындары арасында «Қаржы», «Есеп және аудит» басым мамандықтары бойынша қос диплом бағдарламасын іске асыру туралы шарт жасалды, осы шарт шеңберінде тараптар бакалавриат бағдарламалары бойынша «2+2» схемасы арқылы оқыту туралы келісім жасалды.Білім беру бағдарламалары мен әдістемелерін келісу мақсатында әріптес жоғары оқу орындары бірлескен ғылыми-әдістемелік семинарларды, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамының тағылымдамаларын ұйымдастыратын болады. Жекелеген пәндер қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып оқытылатын болады. Осы білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған білім алушыға бір мезгілде «ХТИИ» мемлекеттік үлгідегі және «ЭҚИ» мемлекеттік үлгідегі екі «бакалавр» дипломдары беріледі.

Сонымен қатар, Кувейт халықаралық университеті мен ғылыми және оқу ынтымақтастығы туралы келісім жасалды, оның аясында тараптар «Педагогика», «Информатика», «Экономика», «Құқықтану» мамандықтары бойынша өзара әрекеттесуді жоспарлап отыр.