COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)54-11-27

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Ғылыми-әдістемелік семинар

Ғылыми-әдістемелік семинар

2021 жылдың 8 сәуір күні Халықаралық Тараз инновациялық институтында «Филология» кафедрасының ұйымдастыруымен  12 сәуір Ғылым күніне орай «Қазақ тіл білімінің лингвистикалық статистика саласының білікті маманы, филология ғылымдарының кандидаты, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің академиялық профессоры, доцент БЕЛБОТАЕВ АЛМАСБЕК БАТАНҰЛЫНЫҢ  «ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ «ЖИІЛІК СӨЗДІКТЕРДІ» ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ» атты тақырыпта ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.

          Ғылыми-әдістемелік семинарды «Филология» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Пертаева Эльмира Құлибайқызы жүргізді.

          Семинарға Халықаралық Тараз инновациялық институтының Ғылым, инновация және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, э.ғ.д., профессор Тәжібаев Серік Дүйсенәліұлы, «Педагогика» факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент  Кужаева Маржан Турегуловна, «Жаратылыстану мамандықтар» кафедрасының  доценті, т.ғ.к. Амиров Құлынбек Амирович,  және «Филология» кафедрасының  профессор-оқытушылары мен студенттері қатысты. Зиялы қауым өкілдері өз тарапынан өзіндік ой-пікірлерін білдірді. 

Ғылыми әдістемелік семинарда «ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ «ЖИІЛІК СӨЗДІКТЕРДІ» ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ» тақырыбында сөз қозғалды. Әсіресе, «Жиілік сөздігі не үшін қажет?», «Сөздіктің дерекөзі-мәтіндегі базасы (мәтін корпусы)», «Сөздікті жасау кезеңдері», «Сөз таптарының жиілігі туралы» және т.б. тақырыптар жан-жақты қарастырылды.  Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, қызу талқыға түсті.

«Филология» кафедрасының меңгерушісі Беркенова Рабиға Ағабекқызы профессор-оқытушылары мен студенттерінің 2020-2021 оқу жылында  жеткен жетістіктері, жарияланған ғылыми еңбектері жайында баяндама жасады.

            Қорыта келгенде, Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай ЖОО оқу үдерісінде студенттердің танымдық қызығушылықтарын арттыру, болашақта білім мен ғылымды  өз бетінше жинап алу қабілеттерін дамытуда жетекшілік роль атқарады және пәндерді оқыту барысында көзделетін білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруда және қалыптастыруда сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіне қол жеткізуге болады.