COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / ТӘЖІБАЕВ СЕРІК ДҮЙСЕНАЛЫҰЛЫ 70 жас

ТӘЖІБАЕВ СЕРІК ДҮЙСЕНАЛЫҰЛЫ 70 жас

Халықаралық Тараз инновациялық институтының ғылым, инновация және халықаралық байланыстар проректоры, профессор, экономика ғылымдарының докторы ТӘЖІБАЕВ СЕРІК ДҮЙСЕНАЛЫҰЛЫ 70 жасқа толып отыр.

Тәжібаев Серік Дүйсеналыұлы 1951 жылы 1 мамырда Жамбыл облысы Луговой ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын бітірді.

Банк, білім және ғылым саласында көптеген жылдар бойын ерен еңбек етуде. Атап айтсақ, Жамбыл облысы Мемлекеттік банкінің Бас бухгалтериясында механизация есебін жүргізу бойынша аға инженер, Мемлекеттік банктің Қазақ республикалық кеңсесінде Өндірістік бюро басшысының орынбасары, Оңтүстік өңірінің ЖОО декан, проректор қызметтерін атқарды. 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Тараз инновациалы-гуманитарлы университеті ғылым, инновация және халықаралық байланыстар проректоры қызметін атқаруда.

2004 жылы АҚШ-тың Индиана университетінде оқу және ғылымы тағлымдамасын өтті (ақпан-маусым).

2007 жыл мен 2010 жыл аралығында Тәжібаев С.Д. А.Яссауи атындағы ХҚТУ-дегі Д 14.61.15 диссертациялық кеңесінің төрағасы болып табылды.

«Ғылымның өсуіне атсалысқаны үшін» (2003ж.), «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2008ж.), «Ы. Алтынсарин» (2018ж.) Қазақстан Республикасы БҒМ белгілер иегері. «2014 жылдың жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері атанды.

 

Мерей той иесін құттықтай отырып, ұзақ ғұмыр, денсаулық, отбасында бақыт, білім және ғылым жолында шығармашылық табыстар тілейміз. 

ХТИИ ұжымы