COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)54-11-27

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар

Жаңалықтар

 

Қазақ – ата-тек, арабтар шежіре – бұтақ, тармақ деп атайтын бұл ұғым халықтың шығу тегін, ұрпақтың таралуын баяндайтын рухани жүйе. Ру, тайпалардың тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан ресми шежіре барлық халықта кездеседі. Шежірені шежіреші қарттар ауызша таратып отырған.

Қазақ шежіресінде тайпа, ру, аталардың таралуымен қатар, оларға байланысты тарихи оқиғалар, елдің қоныс аударуы, бір ел мен екінші елдің қарым-қатынасы, ол елдерден шыққан шешендер, батырлар жайлы әңгімелер қоса жазылады.

Қазақ халқы балаға 7-9 жасында әкесінен бастап ағайын-туысын, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыруға, ата тегін, руын, ел-жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген, "Жеті атасын білу" заң болған. Әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, ел-жұрты үшін жасаған ерлігі, өнегелі істері жайында әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көздеген. «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар» деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан жаттатқан. Ел-жұрт тарихын білу ер азаматты ерлікке, елдікке, Отанды сүюге баулитынын білген.

Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Армысың, әз Наурыз!» атты Наурыз мейрамын өткізу жоспарына сәйкес 16-наурыз күні «Заң» факультетінде «Шежіре күні» аталып өтті.

«Шежіре күніне» орай факультетте «Жеті атаңды білесің бе?» атты онлайн эстафета ұйымдастырылды. Эстафетаға факультет ұжымы мен студенттер қатысты. Эстафетаның мақсаты: отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихын айтып, шежіресін тарату.

Жаңа жылды Байбақты Қазыбек күнтізбесі бойынша қарсы алатын аймақ тұрғындары 14 наурызды «Көрісу (яғни қауышу) күні» деп те атайды. Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем беру ежелден дәстүрге айналған. Дүйім жұрт бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін шеке асына шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді. Яғни, Көрісу күні – түркі жұртының ұлы мейрамы Әз-Наурыздың бастамасы.

Бұл келелі мейрамды насихаттауда Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Білім» факультеті, Филология кафедрасының ұйымдастыруымен, институтымыздың профессор-оқытушылары мен студенттері қатысқан «Наурыздың бастауы – Көрісу күні!» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде аталып өтті. Аталмыш іс-шарада филология ғылымдарының кандидаттары Р.А.Беркенова, М.Ә.Әбілов, А.Б.Белботаев, А.Ө.Карибаева қатысып, студенттер үшін қызғылықты сұрақтарға жауап берді. Көрісу күнінің тарихы жайлы сыр шертіп, қазіргі қоғамымыз үшін маңыздылығына тоқталып өтті. Студенттер тарапынан мерекелік әндер айтылып, поэзияға кезек берілді.

Мерекелік іс-шара соңында «Білім» факультетінің деканы А.С.Құрманбекова қорытынды сөз алып, іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, ардақты ұстаз Алмасбек Батанұлынан Көрісу күнінің дәстүріне сай бата сұрады.

Жалпы атап айтсақ, Халықаралық Тараз инновациялық институтында Көрісу күні бабалар дәстүріне жол салған айрықша мерекеге ұласты.

 

 

 

14-наурыз «Көрісу күні» мерекесі тойлануда. Осыған орай «Білім» факультеті «Филология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Көрісу күні - Амал мерекесі» атты іс шара өтті. Мақсаты: Студенттердің өз ұлтының салт-дәстүрлерін ұстанып, қадірлеуге тәрбиелеу. Студенттерге Көрісу – тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкенге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүр екенін түсіндіру. Өйткені Көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді.

 
«Білім» факультеті деканының тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары Жанысбек Айдана Жанысбекқызы